Об установлении карантинной зоны на территории Енбекшильдерского района с введением карантинного режима
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантинной зоны на территории Енбекшильдерского района с введением карантинного режима
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-3/119
- Қабылданған күні
- 08.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2013 39571_172807.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003248
- ЭКБ идентификаторы
- 39571
- Редакция идентификаторы
- 39571_172807
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:41
0 Еңбекшілдер ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу туралы
" Өсімдіктер карантині туралы " Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның 2008 жылғы 25 ақпандағы N 05-06-236 ұсынысы негізінде, Еңбекшілдер ауданының аумағында орманның қауіпті карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою мақсатында Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орман шаруашылығының залалданған алқаптары көлемінде Еңбекшілдер ауданының аумағында қосымшаға сәйкес карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.
2 2. Еңбекшілдер ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі қоса берілген іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Еңбекшілдер ауданының әкімі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын толық жойғанша жыл сайын 15 қарашаға қарай облыс әкімдігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N а-3/119 қаулысына қосымша
Еңбекшілдер ауданның орман шаруашылығында залалданған аудан
р/с
N
Орман шаруашылығы атауы
Залалдану көлемі, гектар
1
2
3
1
Бұланды
4217,5
Барлығы:
4217,5
7 Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N а-3/119 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Еңбекшілдер ауданының аумағында орманның карантиндік зиянкесі жұпсыз жібек көбелегінің ошақтарын оқшаулап шектеу және жою бойынша карантиндік режим енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
N
Шаралардың атауы
Орындау мерзімі
Орындалуына жауаптылар
1
Орман пайдаланушылары арасында карантиндік режим мәселелері, жібек көбелегінің (бұдан әрі - карантиндік объект) ошақтарын анықтау, оқшаулап шектеу және жою бойынша талаптардың мүлтіксіз орындалуы жөнінде ұйымдастыру - түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету
карантиндік объектілердің ошақтарын
толық
жойғанша
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері
және Еңбекшілдер ауданының әкімі
2
Карантиндік шараларды насихаттау:
семинар-кеңестерге қатысу;
халыққа кеңес беру және әңгімелесу өткізу;
теледидарда және бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жүргізу
карантиндік объектілердің ошақтарын толық жойғанша
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Еңбекшілдер ауданының әкімі
3
Еңбекшілдер ауданының елді мекендері мен орман алқаптарында карантиндік объекті ошақтарын анықтауға мониторингтік іс-шараларды жүргізу
вегетациялық кезең
бойы
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" (келісім бойынша), "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемелері және Еңбекшілдер ауданының әкімі
4
Карантиндік объектіге қарсы химиялық өңдеу

5
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес карантинге жататын тиісті өнімді облыс аумағынан
тыс шығару кезінде бақылауды
қамтамасыз ету