Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Қаулы · № 86 · қабылданған 27.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39575/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги Күшін жойған Қаулы ·№ 86 ·27.03.2008
02.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Күшін жойған Қаулы ·№ 86 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
86
Қабылданған күні
27.03.2008
Қолданысқа енгізілген күні
02.06.2008
Көрсетілген редакция
02.09.2010 39575_188831.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08G0001683
ЭКБ идентификаторы
39575
Редакция идентификаторы
39575_188831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:47

0 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысын орындау үшін, Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 "Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 27 наурыздағы
N 86 қаулысымен бекітілген
"Қайтыс болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы мемлекеттік қызмет медицина ұйымдарында қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік беру тәртібін анықтайды.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4946 болып енгізілген) негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызмет қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік беретін Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.

5 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны алғашқы медициналық құжат нысаны N 106/у-07 "Қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік" беру.

6 6. Мемлекеттік қызмет қайтыс болған адамдардың туыстарына немесе қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдарға, ал ондай адамдар болмаған жағдайда мәйітті тапқан ішкі істер органдарына көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: жүгінген күні;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің веб-сайты бойынша: www.dzambulzdrav.kz, емханалардың, дәрігерлік амбулаториялардың, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарының, стационарлардың, "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың және сот медицина орталықтарының үй-жайларында орналасқан стендттерде, үлгілік ақпарат тақталарында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күн сайын сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін көрсетіледі. Түскі үзіліс: сағат 13.00-14.00 дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

11 11. Мемлекеттік қызмет, анықтама беретін мамандандырылған кабинеттері бар қайтыс болуы туралы дәрілік куәлік беретін медицина ұйымдарында көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1 1) өзінің және қайтыс болған адамның жеке куәлігі;

2 2) ішкі істер органдары қызметкерлері - қызметтік куәлік.

13 13. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілерді толтыру қажет емес.

14 14. Мемлекеттік қызмет қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын медицина ұйымдарында анықтаманы беруге арналған кабинеттерде (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, алғашқы медициналқ-санитарлық көмек көрсету орталықтары, стационарлар, сот медицинасының орталығы) көрсетіледі.

15 15. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтердің мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыруды растайтын құжат қарастырылмаған.

16 16. Қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті қайтыс болған адамның емдеген дәрігері, кезекші дәрігер, науқас қайтыс болған бөлімшенің меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, патологоанатом және сот-медициналық сарапшысы тұтынышы жеке өзі келген кезде береді.

17 17. Өлім фактісін медицина қызметкері жеке анықтамай, қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік сырттай ресімделмейді.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық органдары қызметінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

1 1) сыпайылық,

2 2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну;

3 3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

4 4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімдік көрсеткіштерінің нысаналы маңызы жыл сайын арнайы құралған жұмыс тобымен бекітіледі.

5

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Медициналық ұйымдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді:

1 1) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі басшысы, телефоны 433636, мекен-жайы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі N 72;

2 2) қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын Жамбыл облысының медицина ұйымдары басшылары.

22 22. Шағымдар:

1 1) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің емдеу және алдын алу бөлімінде, N 9 кабинет;

2 2) қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын Жамбыл облысының медицина ұйымдары басшыларының қабылдау бөлімдеріне ұсынылады.

23 23. Келіп түскен шағымдар азаматтардың (заңды тұлғалардың) жүгіну журналына тіркеледі. Шағымдарды қарастыру заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Мемлекеттік органның, мекеменің басшысының, орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымдарының байланыс деректері:

1 1) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры мекен-жайы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі N 72, телефон 433636, жұмыс кестесі 9-00 ден 19-00 дейін, үзіліс 13-00 ден 15-00 дейін, азаматтарды қабылдау күні: бейсенбі;

2 2) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары мекен жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі N 72, телефон 430451, 430930, 433493, жұмыс кестесі 9-00 ден 19-00 дейін, үзіліс 13-00 ден 15-00 дейін, азаматтарды қабылдау күні: сейсенбі.

25 25. Қосымша ақпараттың түрлері медицина ұйымдарының стендтерінде ілініп тұрады.

52 Кесте. Сапа және қолжетімдік көрсеткіштерінің мәні

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімдік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік
мәні
Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні
Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні
1
2
3
4
1. Уақтылығы
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну  оқиғаларының %  (үлесі)
100
100
100
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт  күткен тұтынушылардың  % (үлесі)
100
95
95
2. Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)
100
99
99
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100
90
90
3. Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)
100
100
100
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100
95
95
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
100
40
40
4. Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет  көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,5
0
0,5
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағатандырылған негізделген  шағымдардың % (үлесі)
100
0
100
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)
90
0
90
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)
90
0
90
5. Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қананаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)
100
100
100

Қолданыстағы