О создании акционерного общества "Өркен" и выделения средств из резерва Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании акционерного общества "Өркен" и выделения средств из резерва Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- "Өркен" акционерлік коғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 452
- Қабылданған күні
- 13.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 39601_591968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000452_
- ЭКБ идентификаторы
- 39601
- Редакция идентификаторы
- 39601_591968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:28
0 "Өркен" акционерлік коғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Орта білім беру жүйесін жетілдіру және оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Өркен" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
"20 Тұңғыш Президенттің зияткерлік мектебі" жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің желісін құру және қызметін қамтамасыз ету;
жалпы білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу болып белгіленсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 1 323 435 000 (бір миллиард үш жүз жиырма үш миллион төрт жүз отыс бес мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2 2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 13 мамырдағы
N 452 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-101-жолмен толықтырылсын:
"21-101. "Өркен" АҚ".
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-3-жолмен толықтырылсын:
"222-33-3. "Өркен" АҚ".