Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан білім алушыларға оқу кезеңінде қоғамдық көліктерде жүріп тұруы үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан білім алушыларға оқу кезеңінде қоғамдық көліктерде жүріп тұруы үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Атауы (қаз.)
- Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан білім алушыларға оқу кезеңінде қоғамдық көліктерде жүріп тұруы үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/5
- Қабылданған күні
- 18.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2013 · қолданыстағы AI39616_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LA000089
- ЭКБ идентификаторы
- 39616
- Редакция идентификаторы
- AI39616_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:35
0 Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан білім алушыларға оқу кезеңінде қоғамдық көліктерде жүріп тұруы үшін әлеуметтік көмек беру туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан білім алушыларға оқу кезеңінде қала ішіндегі қоғамдық көліктерде жүріп-тұруы үшін әлеуметтік көмек беру туралы" ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағының 5-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 2-тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылорда қаласының мемлекеттік жоғары және орта кәсіптік білім беру оку орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан білім алушыларға оқу кезеңінде қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүріп-тұруы үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Қызылорда қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
3 3. Бұл шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік мерзімнен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс алтыншы сессиясының төрағасы А. Шүренов
Қалалық мәслихат хатшысы И. Құттықожаев