Об утверждении Правил розничной торговли алкогольной продукции (кроме пива)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил розничной торговли алкогольной продукции (кроме пива)
- Атауы (қаз.)
- Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 08.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 23.09.1999 AI3963_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000872_
- ЭКБ идентификаторы
- 3963
- Редакция идентификаторы
- AI3963_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:58
0 Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы
"Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429-1 Заңын орындау үшін бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібі бекітілсін.
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
3 Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртiбi
Мемлекеттік кіріс
министрінің бұйрығымен
бекітілген 1999 жылғы
9 тамыз N 204
Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртiбi
1
1. Жалпы Ережелер
1. Осы Ереже "Этиль спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген және алкоголь өнiмiн бөлшек сатуды тәртiпке келтiруге бағытталған.
2. Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды жүзеге асыру бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру мекемелерiне берiл етiн жеке меншiк түрiне байланыссыз қалалық, аудандық әкiм аппараттары бекiткен тәртiппен алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға берген лицензиясы болғанда ғана босатылады.
2
2. Негiзгi ұғымдар
3. Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың осы Ережесiнде келесi ұғымдар пайдаланылады:
1) алкоголь өнiмi - тамақтық өсімдік шикізатынан өндірілген этиль спиртінің 1,5 пайызынан астам көлемдік үлесіндегі тамақ өнімі;
2) көтерме сату - өкiлеттi орган бекiткен құжаттарға сәйкес, қойма жайларынан шектеусiз көлемдерде алкоголь өнiмiн одан ары сату үшiн босату;
3) бөлшек сауда - алкоголь өнiмiн оны фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппараты болуы кезiнде стационарлық жайлардың жабдықталған сауда алаңдарында, сондай-ақ стационарлық жайлардың жанындағы жазғы алаңдарында тұтыну және коммерциялық емес пайдалану үшiн сату;
4) сақтау - алкоголь өнiмдерiн қойма жайларында орналастыру (жинақтау);
5) стационарлық үй-жайлар - су жабдығымен, энергия және канализациямен жабдықталған, iргетасы және оларды ұстап тұрған құрастырмалы залал келтірусіз орнынан қозғау мүмкiн емес iргелi құрылыс, ғимарат не оның бiр бөлiгi;
6) бөлшек сауданы ұйымдастыру - алкоголь өнiмiнiң бөлшек саудасымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар.
3
3. Алкоголь өнiмдерiн сату
4. Алкоголь өнiмiн бөлшек сату белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
5. Алкоголь өнiмiн сату тек лицензияда көрсетiлген орында ғана сатылады.
6. Сатып алушыға лицензияның нөмірi осы лицензияны берген орган туралы (сату залына iлу жолымен немесе басқа тәсiлмен), сондай-ақ меншiк иесi немесе ұйым басшысы орнатқан өндiрiстiң жұмыс тәртiбi туралы ақпарат берiлуi керек.
7. Жекеменшiк формасына байланыссыз, бөлшек сауданы ұйымдастырушылар және қоғамдық тамақтандыру орындары сапасыз алкоголь өнiмдерiн сатқаны үшiн белгіленген тәртiппен жауапкершілікке тартылады.
8. Сапасына мiндеттi талап қойылған стандартқа сәйкес, техникалық жағдайлары, дәрiгерлiк-биологиялық талаптар мен гигиеналық қорытындысы (сертификат) бар алкоголь өнiмдерi сатылуға жатады. Осы өнiмдердi, соның iшiнде шет елдiк өнiмдердi сатушыда, сертификатты берушi орган мен оның қызмет ету мерзiмi, есептегi және тiркелген нөмірi көрсетiлген, әрбiр өнiмнiң атауына сәйкестiк сертификаты жөнiнде мәлiметтер мазмұндалған меншiк иесiнiң қолы және мөрiмен расталған көлiк жөнелтпе құжаты болуы керек.
9. Алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сататын ұйымның мiндетi:
1) фискальды жады бар бақылау кассалық аппараттарын пайдалана отырып, алкоголь өнiмдерiн сатуды жүзеге асыруға;
2) құқықтық нормативтiк актiлердi басшылыққа ала отырып, адам өмiрiне қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету және тұтынушылардың денсаулығын қорғау мақсатында алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасаумен айналысатын кәсiпорындардың әрекетiн ретке келтiру (орам ада алкоголь өнiмдерiн қабылдау және сақтауға тазалық нормасы мен тәртiбi, ГОСТ - белгiлеген талаптарға сәйкестiгi, өрт қауiпсiздiгiнiң нормасы мен тәртiбi, қоршаған ортаны қорғау, және с.с.);