Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы от 10.04.2008 г. № 8-51 (Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы)
1. Төмендегі ауылдық округ пен ауылдардың атаулары:
1) Балқаш ауданындағы Орақбалға ауылының атауы Орақты батыр ауылы;
2) Жамбыл ауданындағы Рославль ауылдық округінің атауы Мәтібұлақ ауылдық округі және Рославль ауылының атауы Мәтібұлақ ауылы;
3) Жамбыл ауданындағы Горный ауылының атауы Таңбалытас ауылы;
4) Панфилов ауданындағы Жаркент ауылының атауы Қырыққұдық ауылы;
5) Панфилов ауданындағы Соцжол ауылының атауы Бөрібай би ауылы болып өзгертілсін.
2. Балқаш, Жамбыл, Панфилов аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.