Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі ауылдық округ пен ауылдардың атаулары:
Тармақша 1
1) Балқаш ауданындағы Орақбалға ауылының атауы Орақты батыр ауылы;
Тармақша 2
2) Жамбыл ауданындағы Рославль ауылдық округінің атауы Мәтібұлақ ауылдық округі және Рославль ауылының атауы Мәтібұлақ ауылы;
Тармақша 3
3) Жамбыл ауданындағы Горный ауылының атауы Таңбалытас ауылы;
Тармақша 4
4) Панфилов ауданындағы Жаркент ауылының атауы Қырыққұдық ауылы;
Тармақша 5
5) Панфилов ауданындағы Соцжол ауылының атауы Бөрібай би ауылы болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Балқаш, Жамбыл, Панфилов аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.