Об утверждении норм по обеспечению мер безопасности при производстве и применении химической продукции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм по обеспечению мер безопасности при производстве и применении химической продукции
- Атауы (қаз.)
- Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 28.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2013 AI39752_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005222_
- ЭКБ идентификаторы
- 39752
- Редакция идентификаторы
- AI39752_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:31
0 Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы
"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
1 1. Қоса берілген химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2008 жылғы 28 сәуірдегі N 153
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі N 233
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 10 сәуірдегі N 146
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі N 102-ө
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі N 228
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 18 сәуірдегі N 176
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2008 жылғы 22 сәуірдегі N 102-ө
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы 25 сәуірдегі N 87
Қазақстан Республикасы Энергетика
және минералдық ресурстар министрінің
2008 жылғы 22 сәуірдегі N 124
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар
1 1. Осы химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар (бұдан әрі - нормалар) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленген.
2 2. Осы нормалардың мақсаты химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде адамды және оның денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету болып табылады.
3 3. Осы нормалардың талаптары меншік нысанына қарамастан химиялық өнімнің өндірушілері мен тұтынушыларына қатысты болады.
4 4. Осы нормаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңда қолданылатын негізгі түсініктерге сәйкес.
5 5. Мына:
1 1) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес;
2 2) белгіленген тәртіпте бекітілген химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесіне сәйкес тіркелмеген;
3 3) техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес емес химиялық өнім өндіруге және қолданылуға жіберілмейді.
6 6. Тіркелген химиялық өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өндіру және қолдану (қызметтің жекелеген түрлері үшін) химиялық өнімді өндіруге және қолдануға (қызметтің жекелеген түрлері үшін) арналған лицензия болған кезде рұқсат етіледі.
7 7. Химиялық өнімді өндіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндіруші бекіткен нақты химиялық өнімге арналған нормативтік және/немесе техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Химиялық өнімнің сипаттамалары мен онымен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мазмұны Заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында көрсетіледі.
8 8. Химиялық өнімді өндіру және оны қолдану кезінде мыналарды:
1 1) химиялық өнімді өндірумен және қолданумен байланысты қауіптерді барынша азайтатын технологиялар мен жабдықтарды, еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдауды;
2 2) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде пайдаланылатын техникалық қорғау құралдарын пайдалануды және тиісінше күтіп ұстауды;
3 3) қажетті біліктілігі бар, химиялық өніммен қауіпсіз жұмыс шараларына оқытылған персоналдың болуын;
4 4) жеке гигиена құралдарының, санитарлық құралдардың, сондай-ақ дара құралдарының, арнайы киімнің болуын;
5 5) персоналдың химиялық өнімнің қауіпсіздік шаралары жөніндегі білімін тексеруді, апатты жағдайлардың алдын алу тәсілдерін пысықтауды және оларды жоюдың қажетті құралдарымен жарақтандыруды;
6 6) жұмыс істейтін персоналға арналған химиялық өнімді өндірумен және қолданумен байланысты тікелей немесе ықтимал қауіп туралы сақтандыру белгілерін қолдануды;
7 7) экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды көздейтін қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі тиіс.
9
9. Микроклиматқа, жарыққа, шу деңгейлеріне, дірілге химиялық өнімді өндіру немесе қолдану кезіндегі жұмыс аймағының ауасындағы зиянды факторлардың мөлшеріне қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі тиіс.