Құжат мәтініне өту

Об утверждении Порядка расположения специальных стационарных помещений и правил реализации в них периодической печатной продукции, публикующей материалы эротического характера на территории Мангистауской области

Қаулы · № 278 · қабылданған 18.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39765/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Порядка расположения специальных стационарных помещений и правил реализации в них периодической печатной продукции, публикующей материалы эротического характера на территории Мангистауской области Күшін жойған Қаулы ·№ 278 ·18.04.2008
11.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Порядка расположения специальных стационарных помещений и правил реализации в них периодической печатной продукции, публикующей материалы эротического характера на территории Мангистауской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 278 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Порядка расположения специальных стационарных помещений и правил реализации в них периодической печатной продукции, публикующей материалы эротического характера на территории Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы аумағында арнайы станционарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
278
Қабылданған күні
18.04.2008
Көрсетілген редакция
11.03.2013 39765_175189.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08M0002013
ЭКБ идентификаторы
39765
Редакция идентификаторы
39765_175189
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 Маңғыстау облысы аумағында арнайы станционарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесі туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4 бабына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды реттеу мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы аумағында арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ж.А. Қараев
Ә.Ө. Сахимов
Е.А. Бектұрғанов
А. Әбдешұлы
А.К. Рзаханов
Маңғыстау облыстық ішкі саясат
басқармасының бастығы
18 сәуір 2008ж.

4 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2008 жылғы 18 сәуірдегі
№ 278 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы аумағында арнайы стационарлық
үй-жайларды орналастыру тәртібі және онда эротикалық
сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз
өнімін өткізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Тәртіп қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4 - 4 бабына сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысы аумағында эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын баспасөз басылымдарын өткізуді ретке келтіруге бағытталған.

2 2. Осы Тәртіп эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының барлығына, соның ішінде алыс және жақын шетелден әкелінетіндеріне де қатысты.

3 3. Осы Ережеде төмендегі ұғымдар пайдаланылған:

эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімі - тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қозғайтын, оқырманның сексуалдық сезіміне әсер ететін баспасөз басылымы;
арнайы стационарлық үй-жай - іргетасы мен қабырғаларына нұқсан келтірместен бұзуға келмейтін ғимарат, құрылыс немесе оның бір бөлігі.

2 2. Арнайы стационарлық үй-жайлардың  орналасу тәртібі

4 4. Арнайы белгіленген стационарлық үй-жайларды:

мемлекеттік мекемелердің, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ғимараты қоршауынан, қоршауы болмаған жағдайда ғимараттан бастап радиусы 100 метрге дейінгі жерде;
сәулет және тарихи ескерткіштер маңында;
діни ғұрыптар орындалатын ғимараттарға таяу орналастыруға тыйым салынады.

5 5. алынып тасталды

3 3. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін арнайы стационарлық үй-жайларда өткізудің ережесі

6 6. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде ғана сатылады.

7 7. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын жасы он сегізге толмағандарға сатуға тыйым салынады.

8 8. Аталған баспа басылымдарын жасы он сегізге толмағандардың сатуларына және таратуларына тыйым салынады.

4 4. Жауапкершілік

9 9. Осы мақсатқа арнайы бөлінбеген орындарда эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуды және таратуды жүзеге асыратын тұлғалар қазақстан Республикасының "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қолданыстағы