Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы
Қазақсатан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 және 18-1 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақсатан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы от 20.05.2008 г. № 98 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
2. «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы» аудан әкімиятының 2005 жылғы 11 тамыздағы №96 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-8-14 нөмірімен тіркелген, аудандық «Мақат тынысы» газетінде 2005 жылғы 9 қыркүйектегі №37, 2005 жылғы 16 қыркүйектегі №38 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Аудан әкімиятының 2005 жылғы 11 тамыздағы №96 қаулысына толықтыру енгізу туралы» аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 қаңтардағы №05 қаулысы жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Әбдиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімиятының 2008
жылғы «20» мамырдағы
№98 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Жалпы қағидалар
1. Бұл тәртіп «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді пайдаланатын ұғымдар:
2. Осы тәртіпте пайдаланатын ұғымдар:
1) әлеметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
2) жұмысқа орналастыру-халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар;
3) нысаналы топтар-жұмысқа орналасуды қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде заңмен белгіленген адамдар;
4) жұмыс беруші-қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
5) уәкілетті орган-жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі-уәкілетті орган);
3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Ереже қолданылмайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттестіріледі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
5. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрайды. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен лауазымдар пайдаланылмайды.
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болуға тілек білдірген жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды өтініш береді және оған мына құжаттарды қоса тапсырады:
кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
мәлімет берер күнге дейінгі соңғы айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төмендегі сиппаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қаржы ауқаттылығы;
2) материалдық базасының барлығы және техникалық жарықталынуы.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және олармен үш жақты шарт «Уәкілетті орган-Жұмыс беруші-Қызметкер» жасасады. Тараптардың әр қайсысына шарттың бір данасынан сақталады.
9. Шартта жұмыс уақыты режиміне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, шартқа өзгерістер енгізу мен бұзу тәртібі және басқа еңбек заңнамаларында көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.
10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс іздеу мерзімі бір жылға болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкердің тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу
11. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді үш жақты жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
12. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.
13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, жұмысты өз бетінше себепсіз тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.
4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу
14. Қызметкердің еңбекақысы аудан бойынша 2008-2010 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту іс-шаралар жоспарына сәйкес төленеді.
15. Жалақының мөлшері орындалатын жұмыстың саны мен сапасына және күрделілігіне байланысты белгіленеді, бірақ ол Қазақсатан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек. Жұмыс беруші орындалатын жұмыстың сипаты мен күрделілігіне қарай әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамның жалақысына белгіленген ең төменгі жалақыдан артық өз қаражатынан үстеме ақы төлеуге құқылы.
16. Көрсетілген санаттағы қызметкерлердің бюджет қаражаты есебінен берілетін еңбек ақысы үш жақты келісімнің негізінде екінші деңгейдегі банктегі қызметкерлердің жеке есебіне аудару арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады. Қызметкер, банк мекемелерінің филиалында ашқан жеке есебі туралы уәкілетті органға мәлімет береді.
Уәкілетті орган қаражатты аударуды, жұмыс беруші берген қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі және уақытына есеп жүргізу табелінің негізінде жүзеге асырады.
17. Мерзімінен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақыларына салық салынады және заңдарда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар жасалынады.
19. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттану немесе денсаулығына басқалай зиян келтірілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындайды.
5. Есеп берушілік
20. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа ауыстырғаны және жұмыстан босатылғаны туралы (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн мерзім ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
21. Аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуы туралы. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тоқсан сайын ақпарат береді.
Аудан әкімінің 2006 жылғы
«22» желтоқсандағы №23
шешіміне 1 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы: Кенжеғұлов Аманжол
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмысы және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман заңгері, комиссия төрағасының орынбасары: Қосмағамбетов Аслан Елеусінұлы
Аудандық емхана меңгерушісі, медициналық комиссияның төрайымы: Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары: Матжанов Сарсенбай Матжанұлы
Мейірбике комиссия хатшысы: Рахманова Қамқа
Аудан әкімінің 2006 жылғы
«22» желтоқсандағы №23
шешіміне 2 қосымша
Аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткіу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар
№
р/с
Тегі, аты-жөні
Қандай мамандық бойынша
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
Ізтілеуова Жақсыберген Ахатұлы
Ерғожиева Әлия Шойынбайқызы
Мурзабекова Жанар Қуанышқалиқызы
Шабдирова Ғалия Нәсіпқалиқызы
Бабилова Бағыланым Тнайқызы
Жұманалиева Шахизат Мукарамқызы
Емшібике
дәрігер-терапевт
дәрігер-хирург
тіс дәрігері
көз дәрігері
дәрігер отоларинголог
психиатр, неврапотолог дәрігері
фтизиатр
рентгенолог
3-адам
Аудан әкімінің 2006 жылғы
«22» желтоқсандағы №23
шешіміне 3 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұжымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
№
р/с
Мекеме кәсіпорын атауы
Техникалық қызметкерлер саны
Босатылан мерзімі
1
Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы
2 (екі)
10 қаңтар 2007 ж.
30 наурыз 2007 ж.
2
Доссормұнайгаз өндіру басқармасы
2 (екі)
10 қаңтар 2007 ж.
30 наурыз 2007 ж.
3
Мақат локомотивтік пайдалану депосы
2 (екі)
10 қаңтар 2007 ж.
30 наурыз 2007 ж.
4
Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі шектеулі серіктестік
2 (екі)
10 қаңтар 2007 ж.
30 наурыз 2007 ж.
Аудан әкімінің 2006 жылғы
«22» желтоқсандағы №23
шешіміне 4 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін Байшонас, Доссор, Ескене, Комсомол, Қошқар поселке әкімдерінің тапсырыстары бойынша тіркеушілерді аудандық шақыру учаскесіне тасымалдау үшін автокөліктермен қамтамасыз ету кестесі
№
р/с
Кәсіпорын аттары
Босатылған мерзімі
1
Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы
15-19 қаңтар 2007 ж.
2
Доссормұнайгаз өндіру басқармасы
22-26 қаңтар 2007 ж.