Құжат мәтініне өту

О реорганизации отдельных организаций Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан

Қаулы · № 371 · қабылданған 21.04.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39781/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О реорганизации отдельных организаций Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 371 ·21.04.2008
19.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации отдельных организаций Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 371 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации отдельных организаций Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
371
Қабылданған күні
21.04.2008
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI39781_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000371_
ЭКБ идентификаторы
39781
Редакция идентификаторы
AI39781_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:34

0 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Казметконсалтинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-87-жол алынып тасталсын;

2 2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетіне" деген бөлім және реттік нөмірі 277-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 292-1-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-2-жолмен толықтырылсын:
"292-2. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС";

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы