Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 6/46-IV
·
31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/46-IV
- Қабылданған күні
- 24.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2023 · қолданыстағы 39800_651097.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08UM000042
- ЭКБ идентификаторы
- 39800
- Редакция идентификаторы
- 39800_651097
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:33
0 Жер учаскелерін жеке меншік нысандарына сату мақсатында Төлеби ауданы мен аудандық маңызы бар Ленгір қаласында аймақтардың шекараларын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарына және "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің" 8 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 181 қаулысына сәйкес Ленгір қаласы мен аудан елді мекендері аймақтарының шекаралары төмендегіше болып бекітілсін:
1.1 Ленгір қаласы бойынша:
1 аймақ: Төлеби, Қапалбатыр атындағы көшелер.
2 аймақ: бірінші аймаққа кірмейтін қалған қала аумағындағы көшелер, мөлтек аудандар мен өткелдер.
1.2 Аудан аумағы бойынша:
3 аймақ: аудан аумағындағы барлық елді мекендер мен жаппай демалыс (саяжай аймақтары), туризмге арналған рекреациялық жер телімдері.