Кіру
Құжат мәтініне өту

О переименовании Республиканского государственного предприятия "Научно-производственный центр "Суавтоматика" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 522 · қабылданған 30.05.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39817/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О переименовании Республиканского государственного предприятия "Научно-производственный центр "Суавтоматика" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 522 ·30.05.2008
28.08.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании Республиканского государственного предприятия "Научно-производственный центр "Суавтоматика" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 522 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании Республиканского государственного предприятия "Научно-производственный центр "Суавтоматика" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Суавтоматика" ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
522
Қабылданған күні
30.05.2008
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI39817_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000522_
ЭКБ идентификаторы
39817
Редакция идентификаторы
AI39817_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:22

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Суавтоматика" ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Суавтоматика" ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Су-метрология" ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Сумен қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын:
"27. "Су-метрология" ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Шымкент қаласы.";

3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы