Қолданыстағы ред. 17.04.2008

Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы от 17.04.2008 г. № 53 (Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы)

0

Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8), 15)-тармақшалары, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 491-бабының 2)-тармақшасы, 2008 жылдың 1 қаңтарынан "Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер туралы" Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты Қостанай ауданы бойынша салық комитеті бастығының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 39-08-2205 "Жарнама орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы" хаты негізінде мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастырғанда плакат, жарық арқылы көрсеткіш тақта стенд, билборд, транспарант, құлақтандыру және басқа нысандардың бір шаршы метрі үшін тұрақты жарнама орналастыруға төлем белгіленсін:

1

1) Затобол кентінде, Заречный және Мичурин селоларында айлық төлем ставкалары-айлық есептік көрсеткіштен 70 пайызы;

2

2) Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті мағынадағы жалпы пайдаланылатын автокөлік жолдарының бұру жолағында - айлық есептік көрсеткіштен 70 пайызы;

3

3) қалған елді мекендерде айлық төлем ставкалары-айлық есептік көрсеткіштен 30 пайызы.

2

2. Жарнама орналастырғанда төлем ставкалары қолданыстағы айлық көрсеткіш мөлшерінен есептеледі.

3

3. Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 3 қаңтардағы № 107 "Жарнама орналастыру үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1212, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.