Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8), 15)-тармақшалары, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 491-бабының 2)-тармақшасы, 2008 жылдың 1 қаңтарынан "Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер туралы" Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты Қостанай ауданы бойынша салық комитеті бастығының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 39-08-2205 "Жарнама орналастыруға төлем ставкаларын белгілеу туралы" хаты негізінде мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сыртқы (көзбен шолу) жарнамаларды орналастырғанда плакат, жарық арқылы көрсеткіш тақта стенд, билборд, транспарант, құлақтандыру және басқа нысандардың бір шаршы метрі үшін тұрақты жарнама орналастыруға төлем белгіленсін:
Тармақша 1
1) Затобол кентінде, Заречный және Мичурин селоларында айлық төлем ставкалары-айлық есептік көрсеткіштен 70 пайызы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті мағынадағы жалпы пайдаланылатын автокөлік жолдарының бұру жолағында - айлық есептік көрсеткіштен 70 пайызы;
Тармақша 3
3) қалған елді мекендерде айлық төлем ставкалары-айлық есептік көрсеткіштен 30 пайызы.
Тармақ 2
2. Жарнама орналастырғанда төлем ставкалары қолданыстағы айлық көрсеткіш мөлшерінен есептеледі.
Тармақ 3
3. Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 3 қаңтардағы № 107 "Жарнама орналастыру үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1212, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 8 "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.