О правилах содержания собак и кошек в населенных пунктах Жамбылского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О правилах содержания собак и кошек в населенных пунктах Жамбылского района
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережелері туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/1
- Қабылданған күні
- 21.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2012 39831_209015.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SG000085
- ЭКБ идентификаторы
- 39831
- Редакция идентификаторы
- 39831_209015
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:35
0 Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережелері туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жағдайларын тәртіпке келтіру, санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережелері бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
3 Жамбыл аудандық мәслихаты сессиясының
2008 жылғы 21 сәуірдегі № 6/1 шешімімен
бекітілген
Жамбыл ауданы елді мекендеріндегі
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже аудан аумағында үй жануарларын, ал нақтысы ит, мысықтарды күтіп ұстауды регламенттеу мақсатында әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың осы Ереженің бұзылуына жауаптылығын белгілейді.
Осы Ереже меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды күтіп ұстайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.
Ереже Жамбыл ауданының елді мекендері аумағында қолданылады.
2 2. Иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
1 1. Жануарларды ұстайтын иелерімен санитарлық-гигиеналық, үй жануарларын күтіп ұстау ветеринарлық ережелері сақталуға тиіс.
2
2. Иттерді аулаларда ұстау кезінде иелері оларды байлаулы немесе тор қоршауларда ұстауға, иттің қашуын болдырмауға және көршілердің аулаларынан қашықтықта ұстауға тиісті. Аулаға кіре бергенде қақпада ит бар туралы ескерту кестешесі болуға тиісті. Иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмейді, бірақ көршілерге қолайсыздық тудырмауға тиіс.
3 3. Көшелерде және өзге қоғамдық жерлерде ерітіп жүретін адамсыз жүрген иттер аулануға жатады.
4 4. Дүкен, ауруханалардың маңында иелерімен уақытша байлаулы қалғандардан басқа қоғамдық жерлерде ерітіп жүретін адамсыз жүрген ит, мысықтар қараусыз қалғандар деп табылады.
5 5. Барлық үш айлықтан бастап иттер, ал мысықтар екі айлықтан бастап алғашқы тіркелуге және жыл сайын қайта тіркелуге жатады.
6 6. Иелері сатып алған және тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда үй жануарлары екі апталық мерзімде тіркеледі.
7 7. Ит, мысықтарды тіркеген жағдайда иесіне жануар иесінің есебінен ветеринарлық паспорт және белгіленген үлгідегі нөмірлік жетон беріледі.
Тіркеу кезінде жануар иесі осы Ережелермен таныстырылуға тиіс. Таныстырылу айғағы Тіркеу кітабында жануар иесінің қолымен куәландырылады.