Қолданыстағы ред. 07.05.2008 (Редакция 39845_346210.kaz)

Білім алуына байданысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы от 07.05.2008 г. № 166 (Білім алуына байданысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы)

0

Білім алуына байданысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 ақпандағы № 225 «Меңдіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты туралы» шешімімен бекітілген, Мендіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Мендіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
педагогикалық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 1 студентіне - 2008 жылы 107000 теңге мөлшерінде;
медициналық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 1 студентіне -2008 жылы 164336 теңге мөлшерінде;
кәсіптік орта оқу орнының 1 студентіне - 2008 жылы 6664 теңге мөлшерінде.

2

2. «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы білім алу кезеңінде шығыстарын өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Меңдіқара аудаңының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін (келісім бойынша).

3

3. Меңдіқара ауданы әкімінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінін білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуді төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.