О некоторых вопросах передачи прав владения и пользования государственными пакетами акций (долями участия) отдельных юридических лиц
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах передачи прав владения и пользования государственными пакетами акций (долями участия) отдельных юридических лиц
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 543
- Қабылданған күні
- 06.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI39919_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000543_
- ЭКБ идентификаторы
- 39919
- Редакция идентификаторы
- AI39919_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:20
0 Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.22 N 1642; 17.04.2014 N 372 қаулысымен:
2 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
"Медициналық көлік қызметі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
"Орталық жол ауруханасы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын;
"Университет клиникасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін 100 пайыз мөлшерінде иелену және пайдалану құқықтарын беруді қамтамасыз етсін.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт, Төтенше жағдайлар министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгеріс
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 6 маусымдағы
N 543 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгеріс
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-104-жолмен толықтырылсын:
"21-104 "Орталық жол ауруханасы" АҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-123, 123-124 және 123-125-жолдармен толықтырылсын:
"123-123 "Орталық жүзу бассейні" АҚ;
123-124 "Медициналық көлік қызметі";
123-125 "Оқу-клиникалық орталық" ЖШС".
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:
"226-5 СТЛ-000080 "Медициналық көлік қызметі" АҚ" деген жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
293. "Медициналық көлік қызметі" АҚ;
294. "Орталық жол ауруханасы" АҚ;
295. "Оқу-клиникалық орталық" ЖШС";
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 299-1-жолмен толықтырылсын:
"299-1 "Орталық жүзу бассейні" АҚ".
3 3. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"4. Акционерлік қоғамдар
17. "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамы".