Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и полос

Қаулы · № 113 · қабылданған 25.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-39938/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и полос Күшін жойған Қаулы ·№ 113 ·25.04.2008
26.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и полос

Күшін жойған Қаулы ·№ 113 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и полос
Атауы (қаз.)
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113
Қабылданған күні
25.04.2008
Қолданысқа енгізілген күні
21.06.2008
Көрсетілген редакция
26.02.2024 39938_688124.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08G0001686
ЭКБ идентификаторы
39938
Редакция идентификаторы
39938_688124
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:32

0 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстың су айдындарына іргелес жатқан су қорғау аймақтары мен белдеулері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 385 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және бірінші ресми жарияланғанынан он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

« КЕЛІСІЛДІ »
Шу-Талас бассейндік су
шаруашылығы
басқармасының бастығы
Н. Р. Құдайбергенов
« 25 » сәуір 2008 жыл

5 Жамбыл облысындағы Шу, Талас, Аса өзендерінің, Билікөл көлінің және Тасөткел су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 25 сәуірдегі
№ 113 қаулысына № 1 қосымша
Жамбыл облысындағы Шу, Талас, Аса өзендерінің, Билікөл көлінің
және Тасөткел су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

1

1. Әрбір жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар ені көп жылдық межелік деңгейі кезіндегі су жиегінен су тасқыны кезеңіндегі көп жылдық деңгейі кезеңіндегі су жиегіне дейінгі өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкі жағалауындағы тік жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда. Облыс әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті бекіткен жобалық-сметалық құжаттарының дайындығына байланысты Шу, Талас, Аса өзендеріне, Билікөл көліне және Тасөткел су қоймасына мынандай қосымша қашықтықтар белгіленеді:
Түрі
Атауы
Ені (метр)
Өзендер
Шу
Талас
Аса
500
500
500
Көл
Билікөл
500
Су қойма
Тасөткел
500

1-1 1-1. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі және ерекше шарттары осы қаулының 1-1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Су қорғау белдеулерінің ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрі, іргелес дөңдердің тік-еңістігін, жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуі болжамын есепке ала отырып айқындалады, бекітілген жобалық-сметалық құжаттары бойынша Шу, Талас, Аса өзендеріне төмендегідей алынады:
Су объектілері жағалауына іргелес алқаптар түрлері
Дөңдердің тік-еңістігіне қарай су қорғау белдеулерінің ең тар ені (метр)
Жағалаудан еңістігі (нолдік еңіс)
Жағалауға қарай еңістігі
3 градусқа дейін
3 градустан астам
Шабындық
35
55
100
Көгал, пішендеме
35
50
75
Орман, бұта
35
35
55
Өзгелері (қолайсыз алқап)
35
55
100
Билікөл көлінің балық шаруашылығындағы маңыздылығына қарамай су қорғау белдеуінің ені жағалауына іргелес алқаптардың еңістіктеріне қарамай 100 метрге тең болып орналастырылады.
Тасөткел су қоймасының су қорғау белдеуінің ені су қойманың периметрі бойынша 100 метрге тең болып орналастырылады.

9 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі және ерекше шарттары

Жамбыл облыс әкімдігінің
2008 жылғы 25 сәуірдегі
№113 қаулысына 1-1-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі және ерекше шарттары

1 1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

2 2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

3

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.

27 Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жерлерді шаруашылық пайдалану режимі

Облыс әкімиятының
2008 жылы 25 сәуірдегі
№ 113 қаулысына № 2 қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жерлерді
шаруашылық пайдалану режимі
Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде мыналарға тыйым салынады:

1 1) су объектілерінің және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;

2

2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, арнаулы техникаларға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, жуу орындарын, қалдықтарды орналастыру орындарын елді мекендер шегінен тысқары жерге орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

3

3) осы жұмыстар қоршаған ортаны қорғау және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайларды қоспағанда, құрылыс, тәбін тереңдететін және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кабельдер, құбырлар мен басқа да коммуникациялар тартуға, бұрғылау, ауылшаруашылық және өзге де жұмыстар жүргізуге;

4 4) су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектілерінің сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерін жүргізуге;

5 5) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптермен күресте авиация арқылы пестицидтерді (улы химикаттарды) тозаңдату тәсілін қолдануға;

6

6) пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиахимиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураларды пестицидтермен (улы химикаттармен) толтыру алаңдарын және мал тоғытуға арналған әуіттер орнатуға.

Қолданыстағы