Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выписывания рецептов и отпуска лекарственных средств, за исключением содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры
- Атауы (қаз.)
- Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және босату жөніндегі ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 289
- Қабылданған күні
- 21.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2009 AI39960_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005226_
- ЭКБ идентификаторы
- 39960
- Редакция идентификаторы
- AI39960_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:26
0 Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және босату жөніндегі ережені бекіту туралы
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 6-бабы 14) тармақшасына сәйкес рецептілерді жазып беруді және рецептімен берілуі тиіс дәрілік заттарды босатуды реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша босату жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2 2. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы Ережені басшылыққа алсын және орындалуын қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5
5. "Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша босату жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 38 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 14 ақпанда N 3440 тіркелген, 2005 жылғы 27 қазандағы N 197-198 (931-932) Юридическая газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
7 7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және босату жөніндегі ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 289 бұйрығымен
бекітілген
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және босату жөніндегі ереже
1 1. Рецептілерді денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкілерге тиісті медициналық айғақтар болған жағдайда жазып береді.
Рецептілер рецептіні жазып берген медицина қызметкерінің қолымен және жеке мөрімен расталады.
2 2. Дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етілуге құқығы бар сырқаттардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бланкілерге жазып беріледі.
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілерге денсаулық сақтау ұйымының бөлімше меңгерушісі қосымша қолын қояды және "Рецепт үшін" деген жазуы бар мөрімен растайды.
Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептілерге қол қою құқығы бар бөлімше меңгерушілерінің тізімі мен қол қою үлгілерін денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітеді және ол денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарты бар дәріхана ұйымдарына жіберіледі.
Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептіге қол қояды және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен растайды.
3 3. Селолық елді мекендерде, дәрігер болмаған жағдайда, рецептіні сырқаттарды амбулаторлық қабылдау жүргізетін орта буындағы медицина қызметкерлері жазып береді.
4 4. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазып беруге болмайды.
5 5. Рецептілер сырқаттың жасы және дәрілік заттың құрамындағы ингредиенттер әсерінің сипаты ескеріле отырып, жазылып беріледі.
6
6. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептінің мазмұны мен нөмірі сырқаттың амбулаториялық картасында көрсетіледі. Рецептілердің бланкілері осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рецепт бланкілерін есепке алатын арнайы нөмірленген, тігілген, ұйым басшының қолымен және денсаулық сақтау ұйымның мөрімен бекітілген кітапта тіркеледі.
7
7. Рецептілер бланкілердегі көрсетілген барлық бағандар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазумен латын тілінде жазылып беріледі. Дәрілік затты қолдану тәсілі қабылдау мөлшері, жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілінде жазылады. Жалпы нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке", "Сыртқа") шектелуге болмайды. Рецепте түзетулерге рұқсат етілмейді.
8 8. Рецептіде осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес қысқартып жазуға болады.
9 9. Тегін немесе жеңілдікпен алынатын және құрамында 8-оксихинолиннен шыққан заттар, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер бар дәрілік заттар алуға арналған бір рецепт бланкісіне бір дәрілік зат жазылып беріледі.
Қалған дәрілік заттарды бір рецепт бланкісіне кем дегенде екі дәрілік заттан басқа жазуға болмайды.
10
10. Дәрілік затты жоғары бір рет қолданылатыннан артық мөлшерде жазып беру кезінде дәрігер рецептіге дәрілік заттың мөлшерін жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылып берілген дәрілік затты белгіленген жоғары бір рет қолданылатын мөлшердің жартысын босатады.
11 11. Рецептілер тек қана стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылатын дәрілік затқа жазылып берілмейді.
12
12. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілер және құрамында 8-оксихинолиннен шыққан заттар, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер бар дәрілік заттардың жарамдылық мерзімі жазылып берілген күннен бастап 10 күнге дейінгі мерзімді құрайды.
13
13. Тұрақты (ұзақ) емделуі қажет сырқаттарға осы ереженің (12-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа) рецептінің қолданылу мерзімі үш айға дейін белгіленуі тиіс. Бұл жағдайда рецептілерде "арнайы тағайындалған" және дәріханада дәріні босату мерзімділігі бойынша ("апта сайын",»"ай сайын") деген жазулар болуы тиіс, олар рецепт жазып берген дәрігердің қолымен және жеке мөрімен бекітілуі тиіс.
14 14. Қалған рецептілердің мерзімі жазылып берілген күнінен бастап бір айға дейін жарамды.
15 15. Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін және (немесе), үйлеспейтін компоненттерден тұратын дәрілік зат бар рецепт жарамсыз деп саналады және дәріханада қалдырылады.
16
16. Жарамсыз рецептілердің "Рецепт жарамсыз" деген мөртабанмен күші жойылады, осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алатын арнайы нөмірленген, тігілген, ұйым басшының қолымен және фармацевтикалық қызмет объектілерінің мөрімен бекітілген журналға тіркеледі. Дұрыс жазылып берілмеген рецепт туралы ақпарат денсаулық сақтау ұйымының басшысына жіберіледі.
Бұл ретте фармацевтика қызметкері, құрамында үйлеспейтін компоненттер бар дәрілік заттарды қоспағанда, жазылып берілген дәрілік затты сырқатқа босатады.
17
17. Дәрілік заттар, рецептісіз босатылатын дәрілік заттарды қоспағанда, дәрігердің рецептісі бойынша босатылады. Бұл ретте дәріхана ұйымдарында танысып-оқу үшін қолайлы жерде»"Дәрiгердiң рецептiсi бойынша беруге арналған дәрiлiк заттарды рецептiсiз өткiзуге тыйым салынады" деген ақпараттың болуы тиіс.
18 18. Тегін немесе жеңілдікті жағдайларда рецепті бойынша дәрілік заттарды босатуды денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарты бар дәріханалық ұйымдар жүзеге асырады.
Бұл ретте фармацевтикалық қызмет объектілері рецептілерде көрсетілген деректерді дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен алуға арналған рецептілерге қол қою құқығы бар бөлімше меңгерушілерінің қол қою үлгілерімен және қолда бар тізіммен салыстыруы тиіс.
19
19. Дәрілік затты рецептіде көрсетілген көлемде босату қажет болған жағдайда блистерлікті қоспағанда, түпнұсқалық зауыттық орамды бұзып босатуға болады, дәріханалық орамда фармацевтикалық қызмет объектісінің, дәрілік заттың атауы, препараттың саны, мөлшері, сериясы, жарамдылық мерзімі, қолдану тәсілі мен сақтану шаралары міндетті түрде көрсетіледі.
20
20. Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде (аудан, қала, облыс) жарамды тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республиканың барлық аумақтарында жарамды.
21 21. Фармацевтикалық қызмет объектілерінің дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі:
1 1) тегін және жеңілдікті жағдайларда босатылғандар - 3 жыл;
2 2) құрамында 8-оксихинолиннен шыққан заттар, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер барлар - 3 ай.
Бұл ретте фармацевтика қызметкері дәрілік затты босату кезінде сырқатқа рецептіде көрсетілген қолдану тәсілін қайталайды.
22 22. Фармацевтикалық қызмет объектілеріне бұрын сатып алынған дәрілік заттарды жеке адамдардан және мекемелерден қабылдауға болмайды.
23 23. Сақталу мерзімі өткен соң рецептілер жойылуы тиіс.
24 24. Рецептілерді жою үшін құрамында басшысы және материалдық - жауапты адамдары бар фармацевтикалық қызмет объектісінің комиссиясы құрылады.
Комиссия жойылған рецептілердің саны жазумен көрсетілетін жою туралы акт жасайды.
1 РЕЦЕПТ
Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда,
дәрілік заттарға рецепт
жазып беру және босату
жөніндегі ережеге
1-қосымша
Формат А6
А6 форматы
______________________________________
|Нысанның БҚСЖ бойынша коды____________|
|Код формы по ОКУД |
|КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________|
|Код организации по ОКПО |
|______________________________________|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
200____ жылғы "___" _____
бұйрығымен бекітілген
N 130/е нысанды
медициналық құжаттама
Ұйымның атауы
Наименование
организации
Медицинская документация
Форма N 130/у утверждена
приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан от
"___"________200___года N___
Ұйымның мөртабаны, шифры
Штамп, шифр организации
РЕЦЕПТ
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
ДЛЯ РЕБЕНКА ДЛЯ ВЗРОСЛОГО
(сызып қою керек - подчеркнуть)
200 ___ж.»"____"___________
___________________________
(рецептің жазылған күні -
дата выписки рецепта)
Сырқаттың Т.А.Ә., жасы (Ф.И.О. больного, возраст)___________________
____________________________________________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә. (Ф.И.О. врача)____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
|
ТЕҢГЕ ТИЫН | Rр.
|
___________________|________________________________________________
|
ТЕҢГЕ ТИЫН | Rр.
|
___________________|________________________________________________
D.S.________________________________________________________________
Рецептің жарамдылығы (рецепт действителен): 10 күн (дней), 1 ай (месяц),
арнайы тағайындау бойынша:»"апта сайын" немесе»"ай сайын" (по специальному
назначению:»"еженедельно" или»"ежемесячно")
(сызып қою керек - нужное подчеркнуть)
ДӘРІГЕРДІҢ ҚОЛЫ МЕН ЖЕКЕ МӨРІ__________________________м.о.
ПОДПИСЬ И ЛИЧНАЯ ПЕЧАТЬ ВРАЧА м.п.
Келесі беттегі 130/е н.
Оборот ф. 130/у
Дәрігердің жадынамасы
1 1. Емдеу-профилактикалық ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады.
2 2. Рецепт латын тілінде, анық, айқын жазылады, шарикті қаламмен толтырылады, түзетуге тыйым салынады.
3 3. Бір бланкіге мыналар жазылуы мүмкін:
а а) құрамында 8-оксихинолиннен шыққан заттар, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер бар бір дәрілік зат;
б б) қалған дәрілік заттарға бір, екі дәрілік зат.
4 4. Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі.
5 5. Қатты, сусымалы заттар грамдарда (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар - милилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады.
6 6. Қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады.
7 7. "Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге рұқсат етілмейді.
8 8. Рецептіні толтырған кезде (ересекке арналған, балаға арналған) қажеттісінің астын сызу керек.
9 9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылып берілген рецептілер республиканың бүкіл аумағында жарамды:
а а) құрамында 8-оксихинолиннен шыққан заттар, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер бар дәрілік заттар жазылған күннен бастап - 10 күннің ішінде сатып алынса;
ә
ә) тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін сырқаттарға дәрілік заттарды (а) тармағында көрсетілген жағдайларда берілетін дәрілік заттарды қоспағанда) жазып беру кезінде рецептілердің жарамдылық мерзімі үш айға дейін белгіленеді. Бұл ретте»"Арнайы тағайындалған" деген жазудың және дәрілердің дәріханадан босату мерзімділіктерінің ("апта сайынғы" немесе "ай сайынғы") қажеттісінің астылары сызылып, рецепті жазып берген дәрігердің қолымен және оның жеке мөрімен расталуы тиіс;
б б) қалған рецептілер жазып берген күннен бастап бір айға дейін жарамды.
10 Памятка врачу
10. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.
Памятка врачу
1 1. Шифр лечебно-профилактической организации печатается типографским способом или ставится штамп.
2 2. Рецепт выписывается на латинском языке, разборчиво, четко, шариковой ручкой, исправления запрещаются.
3 3. На одном бланке может быть выписано:
а а) одно лекарственное средство содержащее производные 8-оксихинолина, ядовитые вещества, гормональные стероиды, клонидин, анаболические стероиды;
б б) одно, два лекарственных средства на остальные лекарственные средства.
4 4. Разрешаются только принятые Правилами рецептурные сокращения.
5 5. Твердые сыпучие вещества выписываются в граммах (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), жидкие - в миллилитрах, граммах и каплях.
6 6. Способ применения указывается на государственном или русском языках.
7 7. Не допускается ограничиваться общими указаниями: "Внутреннее", "Наружное", "Известно" и другие.
8 8. При заполнении подчеркнуть предназначение рецепта (для взрослого, для ребенка).
9 9. Рецепты, выписанные в организациях здравоохранения Республики Казахстан, действительны на территории всей республики:
а а) на получение лекарственных средств, содержащих производные 8-оксихинолина, ядовитые вещества, гормональные стероиды, клонидин, анаболические стероиды - в течение 10 дней со дня их выписывания;
б
б) больным, нуждающимся в постоянном (длительном) лечении (за исключением случаев, указанных в пункте а) - до трех месяцев. При этом, подчеркиваются надписи "По специальному назначению" и по периодичности отпуска лекарств из аптеки ("еженедельно" или "ежемесячно"), скрепляются подписью и личной печатью врача, выписавшего рецепт;
в в) остальные рецепты - в течение одного месяца со дня их выписывания.
10 10. Подпись врача должна быть заверена его личной печатью.
Жеке дайындалған препараттардың N
(N препаратов индивидуального
приготовления)
Дәріхананың мөртабаны
(штамп аптеки)
Қабылдады
(принял)
Дайындады
(приготовил)
Тексерді
(проверил)
Босатты
(отпустил)
2 ТҮБІРТЕГІ-КОРЕШОК
Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және босату жөніндегі ережеге
2-қосымша
А 6 форматы
______________________________________
|Нысанның БҚСЖ бойынша коды____________|
|Код формы по ОКУД |
|КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________|
|Код организации по ОКПО |
|______________________________________|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
200____ жылғы "___" _____
бұйрығымен бекітілген
N 132/е нысанды
медициналық құжаттама
Ұйымның атауы
Наименование
организации
Медицинская документация
Форма N 132/у утверждена
приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан от
"___"_______200___года N___
ТҮБІРТЕГІ-КОРЕШОК
Түбіртегі денсаулық сақтау ұйымында қалдырылады да, кейін
бухгалтерияға тапсырылады
Корешок остается в организации здравоохранения, затем
передается в бухғалтерию
Серия_________________N_________________
"___" ____________200__ жыл (год)
(рецептің жазылған күні, дата выписки рецепта)
Сырқаттың Т.А.Ә., жасы (Ф.И.О. больного, возраст)___________________
____________________________________________________________________
Медициналық құжаттың (Медицинская документация) N___________________
Диагнозы (диагноз)__________________________________________________
Мекенжайы (домашний адрес)__________________________________________
Учаскенің (участок) N_______________________________________________
Теңге: тиын: Rp:______________________________________________
______________________________________________
D.S._____________________________________________
Дәрігердің Т.А.Ә. (Ф.И.О. врача)____________________________________
--------------------------------------------------------------------
Кесу сызығы - линия отреза
--------------------------------------------------------------------
Формат А 6
______________________________________
|Нысанның БҚСЖ бойынша коды____________|
|Код формы по ОКУД |
|КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________|
|Код организации по ОКПО |
|______________________________________|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
200____ жылғы "___" _____
бұйрығымен бекітілген
N 132/е нысанды
медициналық құжаттама
Ұйымның атауы
Наименование
организации
Медицинская документация
Форма N 132/у утверждена
приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан от
"___"______200____года N____
Ұйымның мөртабаны, шифры
Штамп, шифр организации
ТЕГІН НЕМЕСЕ ЖЕҢІЛДІКТІ РЕЦЕПТ РЕЦЕПТ БЕСПЛАТНЫЙ или ЛЬГОТНЫЙ (сызып қою керек - подчеркнуть)
СЕРИЯ__________N__________"___"____________200__ жыл (год)
(рецептің жазылған күні, дата выписки рецепта)
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН
ДЛЯ РЕБЕНКА ДЛЯ ВЗРОСЛОГО
(сызып қою керек - подчеркнуть)
ТЕГІН ТӨЛЕМІ БОЙЫНША ____%
БЕСПЛАТНО ОПЛАТА_____________%
Сырқаттың Т.А.Ә., жасы (Ф.И.О. больного, возраст)___________________
Диагнозы (диагноз)__________________________________________________
Мекенжайы (домашний адрес)__________________________________________
____________________________________________________________________
Медициналық құжаттың (Медицинская документация) N___________________
Дәрігердің Т.А.Ә. (Ф.И.О. врача) ___________________________________
Теңге: тиын: Rp:______________________________________________
______________________________________________
D.S._____________________________________________
Дәрігердің қолы мен жеке мөрі м.о.
Подпись и личная печать врача____________м.п.
Келесі беттегі 132/е н.
Оборот ф. 132/у
Жеке дайындалған препараттардың N
(N препаратов индивидуального
приготовления)
Дәріхананың мөртабаны
(штамп аптеки)
Қабылдады
(принял)
Дайындады
(приготовил)
Тексерді
(проверил)
Босатты
(отпустил)
Дәрігердің жадынамасы
1 1. Емдеу-профилактикалық ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады.
2 2. Рецепт латын тілінде, анық, айқын жазылады, шарикті қаламмен толтырылады, түзетуге тыйым салынады.
3 3. Бір бланкіге бір дәрілік зат жазылуы мүмкін.
4 4. Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі.
5 5. Қатты, сусымалы заттар грамдарда (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар - милилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады.
6 6. Қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады.
7 7. "Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге рұқсат етілмейді.
8 8. Рецептіні толтырған кезде (ересекке арналған, балаға арналған) қажеттісінің астын сызу керек.
9 9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республиканың әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс) 10 күннің ішінде жарамды.
10 10. Тегін немесе жеңілдікпен босатылатын рецептіні толтырған кезде қажеттісінің астын сызып және жеңілдіктердің пайызын көрсету керек.
11 Памятка врачу
11. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.
Памятка врачу
1 1. Шифр лечебно-профилактической организации печатается типографским способом или ставится штамп.
2 2. Рецепт выписывается на латинском языке, разборчиво, четко, шариковой ручкой, исправления запрещаются.
3 3. На одном бланке может быть выписано одно лекарственное средство.
4 4. Разрешаются только принятые Правилами рецептурные сокращения.
5 5. Твердые сыпучие вещества выписываются в граммах (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), жидкие - в миллилитрах, граммах и каплях.
6 6. Способ применения указывается на государственном или русском языках.
7 7. Не допускается ограничиваться общими указаниями: "Внутреннее", "Наружное", "Известно" и другие.
8 8. При заполнении подчеркнуть предназначение рецепта (для взрослого или для ребенка);
9 9. Рецепты, выписанные в организациях здравоохранения Республики Казахстан на бесплатный или льготный отпуск лекарственных средств действительны в пределах административно-территориальной единицы республики (район, город, область) в течение 10 дней со дня их выписывания;
10 10. При заполнении рецепта бесплатно нужное подчеркнуть или на льготных условиях нужное подчеркнуть и указать процент льгот.
11 11. Подпись врача должна быть заверена его личной печатью.
3 Дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға арналған рецептердің бланкілері есебін жүргізу кітабы Книга учета бланков рецептов на бесплатный и льготный отпуск лекарственных средств
Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және босату жөніндегі ережеге
3-қосымша
А 4 форматы
Формат А 4
______________________________________
|Нысанның БҚСЖ бойынша коды____________|
|Код формы по ОКУД |
|КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________|
|Код организации по ОКПО |
|______________________________________|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
200____ жылғы "___" __________
бұйрығымен бекітілген
N 133/е нысанды
медициналық құжаттама
Ұйымның атауы
Наименование
организации
Медицинская документация
Форма N 133/у утверждена
приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
"___"_______200____года N_____
Дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға арналған рецептердің бланкілері есебін жүргізу кітабы Книга учета бланков рецептов на бесплатный и льготный отпуск лекарственных средств
N
Күні
дата
Рецептінің N, сериясы
серия, N рецепта
Рецепт бланкісін қабылдаған медицина қызметкерінің Т.А.Ә., қолы
Ф.И.О. медицинского работника,
получившего бланк рецепта, подпись
4 Негізгі рецептуралық қысқартулар
Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және босату жөніндегі ережеге
4-қосымша
Негізгі рецептуралық қысқартулар
Қысқартулар
Толық жазылуы
Аудармасы
aa
ana
теңдей
as. Asіd.
Acіdum
қышқыл
amp.
Ampulla
ампула
aq.
Aqua
су
aq. Purіf.
Aqua purfіcata
тазартылған су
aq. destіll.
Aqua destіllata
дистилляцияланған су
but.
Butyrum
май (қатты)
comp., cps.
Composіtus (a, um)
күрделі
D.
Da, Detur, Dentur
Бер. Берілетін болсын.
Осылар берілетін болсын
D.S.
Da, Sіgna;
Detur, Sіgnetur
Бер., белгіле. Берілетін,
белгіленетін болсын.
Берілсін, белгіленсін
D.t.d.
Da (Dentur)
tales doses
Осындай мөлшерлерді
бер (берілетін болсын)
Dec.
Decoctum
қайнатпа
dіl.
dіlіtus
ерітілген
dіv. іn p.
аеq
dіvіde іn partes
аеquales
тең бөліктерге бөл
emuls
rmulsum
эмульсия
extr.
extractum
сығынды, сорып алынған
f.
fіat (fіant)
түзілетін болсын (түзілсін)
gtt.
gutta, guttае
тамшы, тамшылар
іnf.
іnfusum
тұнба
іn. amp.
іn ampullіs
ампулаларда
іn.caps.
gel.
іn capsulіs
gelatіnosіs
желатинді капсулаларда
Іn tabl.
іn tab (u)leettіs
таблеткаларда
lіn.
lіnіmentum
сұйық жақпа май
lіq.
lіquor
сұйықтық
M. pіl.
vassa pіlularum
пилюльдік салмақ
M.
Mіsce; Mіsceatur
Араластыр.
Араластырылатын болсын.
Араластырылсын
N.
numero
санмен
ol.
oleum
май (сұйық)
pіl.
pіlula
пилюля
p. аеq.
partes аеquales
тең бөліктер
pulv.
pulvіs
ұнтақ
q.s.
quantum satіs
қанша қажет, қанша керек
r., rad.
radіx
тамыр
Rp.
Resіre
Ал
Rep.
Repete. Repetatur
Қайтала.
Қайталанатын болсын
rhіz.
rhіzoma
сала тамыр
S.
Sіgna. Sіgnetur
Белгіле.
Белгіленетін болсын
sem.
semen
ұрық
sіmpl.
sіmplex
қарапайым
sіr.
sіrupus
шырын
sol.
solutіo
ерітінді
supp.
supposіtorіum
балауыз
tabl.
tab(u)letta
таблетка
t-ra, tіnct,
tst.
tіnctura
тұнба
ung.
unguentum
жақпа май
vіtr.
vіtrum
шыны ыдыс
8pt}, praec.
praecіpіtatus
тұнған
past.
pasta
паста
5 Дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді тіркеу журналы Журнал учета неправильно выписанных рецептов
Құрамында есірткі құралдары,
психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік
заттарды қоспағанда, дәрілік
заттарға рецепт жазып беру
және босату жөніндегі ережеге
5-қосымша
А 4 форматы
Формат А 4
______________________________________
|Нысанның БҚСЖ бойынша коды____________|
|Код формы по ОКУД |
|КҰЖЖ бойынша ұйым коды _______________|
|Код организации по ОКПО |
|______________________________________|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Министерство
здравоохранения
Республики Казахстан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
200____ жылғы "___" _____
бұйрығымен бекітілген
N 134/е нысанды
медициналық құжаттама
Ұйымның атауы
Наименование
организации
Медицинская документация
Форма N 134/у утверждена
приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстанот
"___"________200___года N___
Дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді тіркеу журналы Журнал учета неправильно выписанных рецептов
N
Күні
дата
Денсаулық сақтау
ұйымының
атауы
Наимено-
вание
организа-
ции
здравоох-
ранения
Дәрігер-
дің
Т.А.Ә.
Ф.И.О.
врача
Рецепті-
нің
құрамы
Содержа-
ние
рецепта
Анықтал-
ған бұзылу-
шылықтар
Выявлен-
ные
нарушения
Қолдан-
ған
шаралар
Принятые
меры
Фармацев-
тикалық
қызмет
объекті
маманының
Т.А.Ә.
Ф.И.О.
специа-
листа
объекта
фармацев-
тической
деятель-
ности