О предоставлении единовременной социальной помощи врачам и выпускникам медицинских высших заведений, прибывающих на постоянную работу в Тайыншинский район
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении единовременной социальной помощи врачам и выпускникам медицинских высших заведений, прибывающих на постоянную работу в Тайыншинский район
- Атауы (қаз.)
- Тайынша ауданына қызмет етуге келген жоғарғы медициналық оқу орындарының түлектері мен дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 25.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2008 39997_368698.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SK000127
- ЭКБ идентификаторы
- 39997
- Редакция идентификаторы
- 39997_368698
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:32
0 Тайынша ауданына қызмет етуге келген жоғарғы медициналық оқу орындарының түлектері мен дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына, «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 50 шешіміне аудан әкімдігі ҚАУЛА ЕТЕДІ:
1 1. Тайынша ауданына қызмет етуге келген жоғарғы медициналық оқу орындарының түлектері мен дәрігерлерге 451-007-000 бағдарламасы бойынша 200 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету.
2 2. Жоғарғы медициналық оқу орындарының түлектері мен дәрігерлер Тайынша ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен біржолғы әлеуметтік көмегін алу үшін мекен-жайы бойынша келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1 1) белгіленген үлгі бойынша отініш;
2 2) жеке құдаттың көшірмесі;
3 3) білімі туралы құжатының көшірмесі;
4 4) жоғарғы медициналық оку орындарының түлектеріне жолдамаларының көшірмесі;
5 5) жұмыс орнынан анықтама;
6 6) азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;
Бір жолғы әлеуметтік көмек алу үшін салыстыруға қатысты құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қажет. Салыстырылған соң құжаттың түпнұсқасы ұсынылған тұлғаға қайтарылады.
Уәкілетті өкіл қызметкекерлері құжаттарының көшірмесін расстайды, өтініштерін ұсынылған кұжаттарымен бірге тіркеу журналында тіркейді.
Уәкілетті өкіл құжаттарды қабылдап, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуінің белгілеуін немесе бас тартуын қадағалайды.
Әлеуметтік көмек, басқа көмек түрлеріне қарамастан біржолғы белгіленеді.
Уәкілетті өкіл біржолғы әлеуметтік көмегі төлемінің тізім-тізімдемесін қадағалайды.
Бір жолғы әлеуметтік көмек төлемі Қазақстан Республикасының Халықтық банкі лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкі, азаматтардың жеке шотына есепке алу жолында қаржылық нарық пен қаржшылық мекемені келістіру мен қадағалаудағы Қазақстан Республикасы Агенттігінің лицензиясы бар «Казпошта» АҚ-ы арқылы жүзеге асырылады. Екінші деңгейдегі банктер немесе «Казпошта» АК-ы төлемді түрде көмек көрсету шартының негізінде алушылардың жеке шотының ашылуына түскен соммасы жүзеге асырады.
Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету төлемі «Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жеке бюджетінің есебінен жүргізіледі.