Қолданыстағы ред. 26.05.2008

Аудан көлеміндегі жергілікті салық түсімін жинау және ұйымдастыру туралы от 26.05.2008 г. № 265 (Аудан көлеміндегі жергілікті салық түсімін жинау және ұйымдастыру туралы)

0

Аудан көлеміндегі жергілікті салық
түсімін жинау және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы заңын және Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы N 209 Салық кодексінің 21 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауылдардың (селолардың), поселкелердің әкімдері салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырсын.

2

2. Осы қаулының 1-тармағында аталған салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын түбіртек негізінде жүзеге асырылсын.

3

3. Салықтарды жинау бойынша уәкілетті органдар болып төмендегілер тағайындалсын:

3.1

3.1. Баутин поселкесі әкімдігі

3.2

3.2. Қызылөзен селосы әкімдігі

3.3

3.3. Ақшұқыр селосы әкімдігі

3.4

3.4. Таушық селосы әкімдігі

3.5

3.5. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі

4

4. Аудандық салық комитетіне осы қаулыға қатысты шараларды алу ұсынылсын. (келісім бойынша)

5

5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі орынбасары Б.М.Ниязовқа жүктелсін.

6

6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық салық комитетінің төрағасы
______Ә.Әкімбаев
«26»05. 2008 жыл