Аудан көлеміндегі жергілікті салық түсімін жинау және ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан көлеміндегі жергілікті салық
түсімін жинау және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы заңын және Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы N 209 Салық кодексінің 21 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдардың (селолардың), поселкелердің әкімдері салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтарды, жер салығын жинауды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында аталған салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын түбіртек негізінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Салықтарды жинау бойынша уәкілетті органдар болып төмендегілер тағайындалсын:
Тармақ 3.1
3.1. Баутин поселкесі әкімдігі
Тармақ 3.2
3.2. Қызылөзен селосы әкімдігі
Тармақ 3.3
3.3. Ақшұқыр селосы әкімдігі
Тармақ 3.4
3.4. Таушық селосы әкімдігі
Тармақ 3.5
3.5. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі
Тармақ 4
4. Аудандық салық комитетіне осы қаулыға қатысты шараларды алу ұсынылсын. (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі орынбасары Б.М.Ниязовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық салық комитетінің төрағасы
______Ә.Әкімбаев
«26»05. 2008 жыл