Қолданыстағы ред. 22.05.2008

Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы от 22.05.2008 г. № 176 (Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы)

0

Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі белгіленсін (қосымша).

2

2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 106 «Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауызамдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдынысқа енгізіледі.

5. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарынын тізбесі

Әкімдіктің
2008 жылғы 22 мамырдағы
№ 176 қаулысына қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарынын тізбесі

1

1. Білім беру мамандарының тізбесі:

1

1) оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернаттарының және орта бастауыш және орта кәсіптік, қосымша білім беру жөніндегі директордың орынбасары;

2

2) білім беру мектебінің барлық мамандықтағы мұғалімдері;

3

3) әлеуметтік педагог;

4

4) педагог-ұйымдастырушы;

5

5) қосымша білім беру педагогі;

6

6) педагог-психолог;

7

7) бала бақша және мектеп жанындағы интернат меңгерушісі;

8

8) ага тәрбиеші, тәрбиеші;

9

9) музыкалық жетекші;

10

10) ага вожатыйы;

11

11) лагерь бастығы ( қорғаныс-спорт, сауықтыру, мектеп, еңбек-демалу);

12

12) оқу-өндірістік (оқу) шебер меңгерушісі;

13

13) зертхана, кабинет меңгерушісі;

14

14) еңбек жөніндегі нұсқаушы;

15

15) мәдени ұйымдастырушы;

16

16) ага әдістемеші, әдістемеші;

17

17) медициналық бике;

18

18) кітапханашы;

19

19) психо-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;

20

20) балетмейстер;

21

21) хормейстер;

22

22) жаттықтырушы-оқытушы;

23

23) бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.

2

2. Мәдениет мамандарының лауазымы:

1

1) директор

2

2) сектор, бөлім меңгерушісі;

3

3) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, суретші-қоюшы;

4

4) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;

5

5) кітапханашы;

6

6) режиссер;

7

7) музыкалық жетекші, аккомпаниатор;

8

8) мәдени ұйымдастырушы.

3

3. Әлеуметтік камтамасыз ету мамандарының лауазымы:

1

1) меңгеруші

2

2) әлеуметтік қызметкер.