Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 106 «Селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауызамдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдынысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарынын тізбесі
Әкімдіктің 2008 жылғы 22 мамырдағы № 176 қаулысына қосымша 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарынын тізбесі
Тармақ 1
1. Білім беру мамандарының тізбесі:
Тармақша 1
1) оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернаттарының және орта бастауыш және орта кәсіптік, қосымша білім беру жөніндегі директордың орынбасары;
Тармақша 2
2) білім беру мектебінің барлық мамандықтағы мұғалімдері;
Тармақша 3
3) әлеуметтік педагог;
Тармақша 4
4) педагог-ұйымдастырушы;
Тармақша 5
5) қосымша білім беру педагогі;
Тармақша 6
6) педагог-психолог;
Тармақша 7
7) бала бақша және мектеп жанындағы интернат меңгерушісі;
Тармақша 8
8) ага тәрбиеші, тәрбиеші;
Тармақша 9
9) музыкалық жетекші;
Тармақша 10
10) ага вожатыйы;
Тармақша 11
11) лагерь бастығы ( қорғаныс-спорт, сауықтыру, мектеп, еңбек-демалу);
Тармақша 12
12) оқу-өндірістік (оқу) шебер меңгерушісі;
Тармақша 13
13) зертхана, кабинет меңгерушісі;
Тармақша 14
14) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 15
15) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 16
16) ага әдістемеші, әдістемеші;
Тармақша 17
17) медициналық бике;
Тармақша 18
18) кітапханашы;
Тармақша 19
19) психо-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
Тармақша 20
20) балетмейстер;
Тармақша 21
21) хормейстер;
Тармақша 22
22) жаттықтырушы-оқытушы;
Тармақша 23
23) бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
Тармақ 2
2. Мәдениет мамандарының лауазымы:
Тармақша 1
1) директор
Тармақша 2
2) сектор, бөлім меңгерушісі;
Тармақша 3
3) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, суретші-қоюшы;
Тармақша 4
4) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;
Тармақша 5
5) кітапханашы;
Тармақша 6
6) режиссер;
Тармақша 7
7) музыкалық жетекші, аккомпаниатор;
Тармақша 8
8) мәдени ұйымдастырушы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік камтамасыз ету мамандарының лауазымы:
Тармақша 1
1) меңгеруші
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызметкер.