Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об укреплении самостоятельности органов управления сельских округов, сел, поселков в решении задач социально-экономического развития соответствующей территории

Өзге акт · № 0 · қабылданған 01.07.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4005/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об укреплении самостоятельности органов управления сельских округов, сел, поселков в решении задач социально-экономического развития соответствующей территории Күшін жойған 01.07.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об укреплении самостоятельности органов управления сельских округов, сел, поселков в решении задач социально-экономического развития соответствующей территории

Күшін жойған Өзге акт № 0 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об укреплении самостоятельности органов управления сельских округов, сел, поселков в решении задач социально-экономического развития соответствующей территории
Атауы (қаз.)
Тиісті аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудегі селолық округ, село, поселкелердің басқару органдарының дербестігін нығайту жайында
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
0
Қабылданған күні
01.07.1999
Көрсетілген редакция
01.07.1999 4005_258158.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99N0000108
ЭКБ идентификаторы
4005
Редакция идентификаторы
4005_258158
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:04
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Тиісті аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудегі селолық округ, село, поселкелердің басқару органдарының дербестігін нығайту жайында

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы В.В.Мейстердің баяндамасын тындағаннан және талқылағаннан кейін Қостанай облыстық мәслихаты
ШЕШТI:

1. Облыс әкімінің селолық округтерде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды (МКК) құру, жергілікті басқару органдарының селоның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дербестігі мен жауапкершілігін нығайтудағы қызметін қолдау.

2. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарына мыналар ұсынылсын:

- жергілікті өзін-өзі басқаруды орнықтыруға ықпал ету;
- МКК қызметіне жан-жақты көмек корсету.

3. Ауыл шаруашылығы департаментіне, аудан әкімдеріне село тұрғындарын ақпараттық жағынан қамтамасыз етуді ұсыну:

- өндіріс пен қызмет көрсетулердің ең кірісті түрлері, тиісті аумақтардың табиғи, энергетикалық, коммуникациялық, еңбек ресурстарынан туындайтын шаруашылықтардың тиімді және оңтайлы төлемдері бойынша нақтылы ұсыныстармен;
- облыстың, республиканың және шет елдердің тұтыну нарығындағы ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы және оларға сұраным туралы ағымдағы мәліметтер және болжамдармен.

4. Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі департаментке әрбір селолық округте онім өндіру және тұрғындарға қызмет көрсету жөнінен ең шынайы бизнес-жоспарларды жасау мәселесін әзірлеу ұсынылсын.

5. Тұрғындардың жиындарында селолық округ, село, поселкелердің әлеуметгік-экономикалық дамуының және ұзағырақ болашаққа арналған жоспарларын әзірлеу мен қабылдау дұрыс деп саналсын.

6. Облыстық мемлекеттік қызмет басқармасына тұрақты қызмет істеу негізінде селолық округ әкімдерінің, жергілікті озін-өзі басқару органдары басшыларының экономикалық, құқықтық оқуларын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және енгізу ұсынылсын.

7. Облыстық мәслихаттың хатшысы және облыс әкімі аппаратының басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының және облыс, аудандар мен қалалар әкімдері аппараттары бөлімдерінің селолық округтердегі іс жағдайын, жергілікті басқару органдарының жұмыс тәжірибесін көрсететін ақпараттық бюллетендер шығару жөнінен бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастырсын.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың хатшысы В.Г. Семеноваға, облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Б. Баймағамбетоваға және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.