Об утверждении ставок разового сбора ежемесячной платы за размещением наружной (визуальной) рекламы на территории Теректинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок разового сбора ежемесячной платы за размещением наружной (визуальной) рекламы на территории Теректинского района
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлем мен бір жолғы алым ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-3
- Қабылданған күні
- 22.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2008 40107_327820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZL000059
- ЭКБ идентификаторы
- 40107
- Редакция идентификаторы
- 40107_327820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:26
0 Теректі ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлем мен бір жолғы алым ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) № 209 Кодексінің 373-бабына және 491-бабының 2-тармағына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін ай сайын төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін .
2 2. Қызметі ара-тұра сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы алым ставкалары 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары
№ 1 қосымша
аудандық мәслихаттың
2008 жылғы №9-3 шешімімен
бекітілді
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары
Жарнама түрлері
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі АЕК) пайыздық ара қатынаспен төлем мөлшері
Көлемі 2 шарша метрге дейін (объект бойынша) сілтемелер, маңдайшадағы жазулар, ақпараттық қалқандар
Айға 0,3 АЕК
Көлемі 2-ден 5 шаршы метрге дейін жарнама-ақпараттық объектілері
Айға 0,4 АЕК
Көлемі 5-тен 10 шаршы метрге дейін жарнама-ақпараттық объектілері
Айға 0,5 АЕК
Көлемі 10-20 шаршы метрге дейін жарнама-ақпараттық объектілері
Айға 0,6 АЕК
Көлемі 20-30 шаршы метрге дейін жарнама- акпараттық объектілері
Айға 0,7 АЕК
Көлемі 30 шаршы метрден жоғары жарнама-ақпараттық объектілері
Айға 1 АЕК
Уақытша түрдегі павильон және дүңгіршектерге арналған жарнамалар
Айға 0,3 АЕК
5 Қызметі ара-тұра сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы алым ставкалары
№ 2 қосымша
аудандық мәслихаттың
2008 жылғы №9-3 шешімімен
бекітілді
Қызметі ара-тұра сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы алым ставкалары
№
Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің атаулары
Айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі АЕК) пайыздық ара қатынаспен біржолғы талондар құны
1.
Сату (тұрақты үй-жайдың ішінде орындалатын қызметті қоспағанда)
1.1
Газет пен журналдар
күнге 1 % АЕК
1.2
Тұқымдар, сондай-ақ отырғызатын материалдар (көшет, тікпе көшет)
күнге 3 %АЕК
1.3
Бақша дақылдары
күнге 6 %АЕК
1.4
Саяжай және үй айналасындағы учаскелерде өсірілген гүлдер
күнге 1 % АЕК
1.5
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бау шаруашылығы, бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері
күнге 2 %АЕК
1.6
Мал және құстардың тамағы
6 %АЕК күнге
1.7
Сыпырғыштар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балықтар
күнге 3 %АЕК
2.
Жер учаскелерін өндеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері
күнге 6 %АЕК
3.
Жолаушыларды тасымалдау бойынша (лицензияланатын тасымалдауды қоспағанда) жеке автокөліктер иелерінің қызметтері
күнге 5 %АЕК
4.
Үй жануарларын жаю
күнге 2 %АЕК