Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о порядке ведения документации государственного учета лесного фонда в Республике Казахстан

Бұйрық · № 325 · қабылданған 23.05.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40148/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о порядке ведения документации государственного учета лесного фонда в Республике Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 325 ·23.05.2008
24.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о порядке ведения документации государственного учета лесного фонда в Республике Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 325 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о порядке ведения документации государственного учета лесного фонда в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
325
Қабылданған күні
23.05.2008
Көрсетілген редакция
24.12.2019 40148_440664.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005235_
ЭКБ идентификаторы
40148
Редакция идентификаторы
40148_440664
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:25

0 Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

"Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 23 мамырдағы
N 325 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысына сәйкес әзірленді.

2

2. Қазақстан Республикасында орман қорының мемлекеттік есебі (бұдан әрі - Есеп) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 9-г бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік орман қорының санаттары мен жер алқаптары бойынша орман қорын бөлу" N 1 нысаны (бұдан әрі - N 1 нысан) және "Орманмен қамтылған жерлердің аудандарын және қорын басым тұқымдар және жас топтары бойынша бөлу" N 2 нысаны (бұдан әрі - N 1 нысан) бойынша жүргізіледі.

3 3. Ескерілетін көрсеткіштеріне қарай Есеп былай бөлінеді:

1 1) Есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына N 1 нысан бойынша жүргізілетін және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін берілетін жыл сайынғы Есеп;

2 2) N 1 нысан және N 2 нысан бойынша бес жылда бір рет жүргізілетін және уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін берілетін кезеңдік Есеп.

4 4. Көлемі 0,05 гектардан астам (0,1 гектарға дейін дөңгелектеп алғанда) Қазақстан Республикасы орман қорының барлық учаскелері Есепке алынуға жатады. Есеп нысандарында мәліметтер тұтас гектарлар күйінде дөңгелектеп келтіріледі.

2 2. Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізуге әзірлік жөніндегі іс-шаралар

5 5. Есепті жүргізу үшін мемлекеттік орман иеленушілер әзірлік жұмыстарын жүргізеді, сонда:

осының алдындағы Есеп немесе осы Есеп жылына дейінгі соңғы орман орналастыру жүргізілген уақыттан бері өткен кезең ішінде мемлекеттік орман қорында болған алқаптардың өзгерістері туралы мәліметтердің орман қорының есеп құжаттамасына енгізілу толымдылығы мен дұрыстығы тексеріледі;
ағаш кесілген орындарды куәландыру және орман екпелерін түгендеу нәтижелері бойынша ормандарда соңғы жыл ішінде болған өзгерістерді, сондай-ақ егер олар бұдан бұрын актілермен ресімделмесе, осының алдындағы жылдары болған өзгерістерді тіркейтін тиісті актілер жасалады;
ормандардың мемлекеттік орман қорының санаттары және жерлері бойынша бөлінуі нақтыланады.

6 6. Есеп бойынша құжаттама облыстар, ведомостволар және республика бойынша осы Нұсқаулық белгілеген тәртіппен Есеп деректерінің жиынтығы үшін "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Қазорманжобалау) беріледі. P060304

7 7. Есеп жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жүзеге асырады.

3 3. Орман қорының мемлекеттік есебінің құжаттамасын жүргізу тәртібі

8 8. Мемлекеттік орман иеленушілер Есепті мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүргізеді.

9 9. Мемлекеттік орман иеленушілер соңғы есептің немесе жаңа орман орналастырудың материалдарына өзгерістерді учаскелерді болған өзгерістерімен куәландыру актілерінің негізінде енгізеді.

10 10. Мемлекеттік орман иеленушілердің Есеп нысандарына өзгерістер енгізуге мына құжаттар негіз болып табылады:

жерлерді алып қою кезінде - Үкіметтің тиісті шешімі, жерлерді қабылдау кезінде - облыстық әкімдіктердің тиісті шешімі (қаулысы);
учаскелерді ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру кезінде - тиісті шарт;
басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде - ағаш кесу орындарын куәландыру актілері, ал Есептің алдындағы жыл үшін - кеспеағаштар бөлу материалдары;
орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылмаған орман екпелерінің алқаптары өзгерген кезде - оларды техникалық қабылдау актілері, орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған орман екпелерінде - оларды орманмен қамтылған жерлер санатына ауыстыру актілері;
учаскелер табиғи жағдайда өскен кезде - оларды орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру актілері;
орманға күтім жасау мақсатында кесу нәтижесінде тұқым құрамы өзгерген кезде - алқаағаштарды бір тұқымнан басқа тұқымға ауыстыру актілері;
орман өрттері, жел құлатпалары және басқа да дүлей күштер апаттары салдарынан болған өзгерістер кезінде - тексеру актілері.

11 11. Жеке орман иеленушілер жыл сайынғы және кезеңдік Есептерді N 1 нысан бойынша жүргізеді, оған қысқаша түсіндірме жазба тіркеп, онда орман қорында болған неғұрлым маңызды сандық және сапалық өзгерістер және осы өзгерістердің себептері көрсетіледі.

4 4. Орман қорының мемлекеттік есебінің материалдарына түсіндірме жазба жасау тәртібі

12 12. Түсіндірме жазбаны Есептің жиынтық материалдарының негізінде мыналар жасайды:

1 1) облыстар бойынша - "Қазорманжобалаудан" облыстық әкімдіктердің қарауындағы жалпы орман иеленушілер бойынша Есептің жиынтық материалдарын алғаннан кейін облыстық атқару органдарының Департаменттері (Басқармалары);

2 2) республика бойынша - облыстар бойынша Есептің жиынтық материалдарын алғаннан кейін Қазорманжобалау;

3

3) мемлекеттік орман иеленушілер қысқаша түсіндірме жазбалар жасап, оларда орман қорында болған неғұрлым маңызды сандық және сапалық өзгерістерді көрсетеді. Алқаптарда болған өзгерістердің себептері мемлекеттік орман қорының санаттары, жер алқаптары, тұқымдық құрамы, сүрек қорлары бойынша көрсетіледі.

13 13. Облыс және республика бойынша түсіндірме жазбаның басында:

1 1) тұрақты орман иеленушілердің жалпы алқабы мен орманмен қамтылған жерлері көрсетіліп, облыс (республика) бойынша әліпбилік тәртіппен олардың тізбесі көрсетіледі.

Орман иеленушілер бойынша орман қоры алқабының өзгеру себептері түсіндіріледі. Алқаптар және жерлерді қабылдауға немесе алып қоюға негіз болған себептер (құжатты шығарушы, оның күні, нөмірі) және қандай мақсаттар үшін қабылданғаны немесе алып қойылғаны көрсетіледі.

2 2) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман қорының кімге тиесілі екені туралы мәліметтер келтіріледі.

14 14. Осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанмен жер санаттары бойынша мемлекеттік орман қоры алқаптарының өзгеру серпініне талдау жасалады.

Бұл орайда орманмен қамтылған және қамтылмаған алқаптардың арақатынасы, сондай-ақ орманмен қамтылған жер алқаптарының көбеюі немесе азаюы салыстырылады. Жер алқаптары алшақтап кеткен жағдайда олардың себептері түсіндіріледі.

15 15. Есепаралық кезеңде мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша алқаптардың өзгеруіне талдау жасау Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

Мемлекеттік орман қорының санаттарында өзгерістер болған кезде осы өзгерістерге душар еткен себептер келтіріледі (құжаттардың нөмірлері мен күні көрсетіледі).

16 16. N 2 нысанның "Негізгі орман құрайтын тұқымдар" 1-бөлімінің деректері бойынша:

1 1) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қорының негізгі орман құрайтын тұқымдарының тұқымдық құрамының;

2 2) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қорындағы тұқымдар топтары шегінде орманмен қамтылған жерлерді жас топтары бойынша бөлудің серпініне жасалған талдау келтіріледі.

Түсіндірме жазбада жекелеген тұқымдар немесе тұқымдар топтары алқаптарында есепті кезеңде болған өзгерістердің себептері көрсетіледі, сондай-ақ осы өзгерістердің неліктен болуының нақты мәліметтері келтіріледі. Ормандардың жас құрылымының өзгеруіне әкеп соққан себептерді түсіндіру кезінде ең алдымен ормандарды мемлекеттік орман қорының бір санатынан басқасына ауыстыру, ағаш кесу жасының өзгеруі ескеріледі.

17 17. Мемлекеттік орман қорындағы негізгі орман құрайтын тұқымдардың сүрек қорының көрсеткіштерінің серпініне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

Алқаағаштар қорлары өзгерген кезде ағаш кесудің, ағаш кесу жасының өзгеруінің, ормандарды мемлекеттік орман қорының бір санатынан басқа санатына ауыстырудың, ормандарды қабылдап алудың немесе берудің осы өзгерістерге әсер етуі, ормандар таксациясы кезінде жаңа тауарлық және сұрыптау кестелерінің пайдаланылуы көрсетіледі.

18 18. Мемлекеттік орман қоры ормандарының шығымдылығы көрсеткіштерінің серпініне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

Түсіндірме жазбада ормандар шығымдылығының өзгеруіне әкеп соққан негізгі факторлар (ормандарды молықтыру және өсіру, алқаағаштарды жаңарту, ормандардың жас құрылымын жақсарту) көрсетіледі.

19 19. Мемлекеттік орман қорындағы ормандарды молықтыру түрлері бойынша жерлерді орманмен қамтылған және қамтылмаған алқаптарға бөлу серпініне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша келтіріледі.

N 1 нысан бойынша орманмен қамтылмаған жер алқаптарының қорытынды деректеріне талдау жасалады. Табиғи түрде қалыптасқан биологиялық орман өсімдіктерінің қауымдастығы ретінде сирек ормандар 8-қосымшаға енгізілмейді.
Түсіндірме жазбада орманмен қамтылмаған жерлерді шаруашылық жүргізілмейтін жерлерге жатқызу себептері, сондай-ақ есепті кезеңде көрсеткіштердің өзгеру себептері көрсетіледі.

20 20. Есепаралық кезеңде орман екпелері алқабының өзгеруіне осы өзгерістердің себептерін көрсетіп талдау жасау да осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік орман қорында жай-күйі қанағаттанарлықсыз немесе жойылған орман екпелерінің алқаптарының өзгеруіне талдау жасау осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша жүргізіледі.

21 21. Орманды күтіп-баптау үшін кесу және санитарлық мақсатта кесу бойынша талдау жасау осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан деректері бойынша жүргізіледі.

Күтіп-баптау үшін ағаш кесуді және санитарлық мақсатта ағаш кесуді қажет ететін екпелер бойынша мәліметтер ағаш кесу түрлері және тұқым топтары бойынша Есеп жүргізу жылындағы жағдай бойынша келтіріледі.
Күтіп-баптау үшін ағаш кесу мен санитарлық мақсатта ағаш кесудің жылдық есептік мөлшері ағаш кесу түрлері мен тұқым топтары бойынша көрсетіледі.
Сонымен қатар орман өсіру талаптары бойынша орманға күтіп-баптау үшін ағаш кесу мен санитарлық мақсатта ағаш кесудің жыл сайынғы есептік мөлшері және Есеп өткізілген жылғы олардың нақты көлемі туралы мәліметтер келтіріледі, жыл сайынғы есептік мөлшерді игеру пайызы белгіленеді және ол толық игерілмеген жағдайда алқаағаштардың орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесумен толық қамтылмау себептері түсіндіріледі.

22

22. Мемлекеттік орман қорының жай-күйі мен құрылымындағы негізгі сандық және сапалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы, осы өзгерістердің себептері келтіріледі. Тиісті тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, ормандарды ұтымды пайдалануды, молықтыруды, олардың шығымдылығы мен сапасын арттыруды қамтамасыз етуге, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған қажетті ұсыныстар жасалады.

5 5. Орман қорының мемлекеттік есебінің материалдарын беру тәртібі және мерзімі

23 23. Орман иеленушілер түсіндірме жазбасымен Есеп нысандарын екі дана етіп дайындайды, олардың біреуі Қазорманжобалауға жіберіледі.

24 24. Орман иеленушілер ұсынған Есеп нысандары Есеп материалдары түскен күннен бастап 10 күн мерзімінде Уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісіледі.

25

25. Қазорманжобалауға Есеп материалдарын беру мерзімі осы нұсқаулықтың 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органмен бекітілетін кесте (бұдан әрі - Кесте) бойынша анықталып, 5 күн ішінде қарауында мемлекеттік орман иеленушілер бар мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жеке орман иеленушілердің назарына жеткізіледі.

26 26. Есеп материалдарын беру тәртібі:

1 1) уәкілетті органның қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер Есеп нысандарын уәкілетті органның аумақтық органымен келісіп алғаннан кейін оларды түсіндірме жазбамен бірге Қазорманжобалауға береді;

2

2) облыстық әкімдіктердің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер түсіндірме жазбаларымен Есеп нысандарын облыстық Департаментке (Басқарма) тапсырады, олар нысандарды тексереді, келіседі және Есеп материалдары түскен күннен бастап 10 күн мерзімінде бақылап тексеру және келісу үшін облыстық аумақтық органдарға жібереді. Осыдан кейін Департаменттер (Басқармалар) өкілдері Есеп нысандарын Қазорманжобалауға тапсырады;

3 3) " Бурабай " мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумақтық органмен келісілген түсіндірме жазбасымен Есеп нысандарын тікелей Қазорманжобалауға тапсырады;

4 4) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы және Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті аумақтық органдармен келісілген облыстар бойынша Есеп нысандарын тікелей Қазорманжобалауға тапсырады;

5 5) Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері аумақтық органдармен келісілген Есеп нысандарын тікелей Қазорманжобалауға тапсырады;

6 6) жеке орман иеленушілер орман иеленуші тұратын жердегі әкімдіктің жер қатынастары бөлімімен келісілген, оның қолымен және мөрімен куәландырылған Есеп нысаны мен түсіндірме жазбаны есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін уәкілетті органның аумақтық органына жібереді;

7 7) мемлекеттік орман иеленушілер олардың аумағындағы жайылма және тоғайлы ормандардың болуы туралы деректерді оларды жер түрлері бойынша бөліп береді.

27 27. Қазорманжобалау Кестеге бойынша ұсынылған Есеп материалдары бойынша:

1 1) Есеп нысандарын қабылдауды және олардың дұрыс толтырылуын тексеруді жүзеге асырады;

2 2) арифметикалық қателерді анықтайды және түзетеді, орманмен қамтылған жерлердің орташа жасы мен өскіндерін, пайызын есептейді;

3 3) облыстар, ведомостволар және республика бойынша есеп нысандарының жиынтығын жасайды;

4 4) есеп нысандары даналарының қажетті мөлшерін дайындайды;

5

5) республика бойынша Есептің жиынтық материалдарына түсіндірме жазбалар жасайды, олар облыстық Департаменттер (Басқармалар) облыстар бойынша Есептің жиынтық нысандары мен орман иеленушілердің түсіндірме жазбаларын алғаннан кейін бір айдың ішінде олар тапсырған түсіндірме жазбаларда келтірілген деректердің негізінде жасалады;

6 6) осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген мөлшерде Есеп нысандарын жасайды және оларды уәкілетті орган мен оның аумақтық органына, Департаменттерге (Басқармаларға), орман иеленушілерге береді;

7 7) Есептің жиынтық нысандарын жасайды, олар:

облыстар бойынша - уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына, Департаменттерге (Басқармаларға);
республика бойынша - уәкілетті органға беріледі.

1 Қазақстан Республикасының (облыстың) орман қоры туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының (облыстың) орман қоры туралы мәліметтер
р/с
N
Ор­ман қо­ры бар
мем­ле­кет­тік
ор­ган­дар мен же­ке
ор­ман ие­ле­ну­ші­лер
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ор­ман қо­ры
жер­ле­рі­нің ал­қа­бы (алы­мы - мың га,
бө­лі­мі - %)
бар-
лы­ғы
ор­ман­ды
жер­лер
ор­ман­мен қам­ты­л­ға­ны
бар-
лы­ғы
о.і. пі­сіп
же­ті­л­ге­ні және
кө­нер­ген­де­рі
жиы­ны
оның
қыл­қан
жа­пы­рақ­ты.
1
2
3
4
5
6
7
1.
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман
және аң­шы­лық
ша­ру­а­шы­лы­ғы
ко­ми­те­ті
2.
Об­лы­стық
әкім­дік­тер
3.
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
Іс бас­қар­ма­сы
4.
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және
ком­му­ни­ка­ци­я­лар
ми­ни­стр­лі­гі
5.
Ал­ма­ты және
Аста­на
қа­ла­ла­ры­ның
әкім­дік­те­рі
6.
Же­ке ор­ман
ие­ле­ну­ші­лер
Бар­лы­ғы
кестенің жалғасы
р/с
N
Сү­рек қо­ры, млн. м 3
жал­пы
с.і.пі­сіп же­ті­л­ге­ні ж/е
кө­нер­ген­де­рі
бар­лы­ғы
оның қыл­қан жа­пы­рақ
8
9
10
1.
2.
3.
5.
6.

2 Мемлекеттік орман қоры алқаптарының жер санаттары бойынша өзгеру серпінін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 2-қосымша
Мемлекеттік орман қоры алқаптарының жер санаттары бойынша өзгеру серпінін талдау
(ауданы, мың га)
р/с
N
Жер ал­қап­та­ры­ның
түр­ле­рі
Ор­ман қо­рын есеп­ке
алу ке­зе­ңі
(кү­ні, айы және
жы­лы)
Ай­ыр­ма­сы + -
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан
кей­ін­гі
Ауда­ны
%
1
2
3
4
5
6
Ор­ман­ды жер­лер:
1.
ор­ман­мен қам­ты­л­ға­ны,
бар­лы­ғы
2.
оның ішін­де ор­ман
ек­пе­ле­рі
3.
Өнер­к­ә­сіп және
энер­ге­ти­ка­лық
мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған
план­та­ци­я­лар
4.
Азық-тү­лік және бас­қа
мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған
план­та­ци­я­лар
5.
жи­нақ­тал­ма­ған ор­ман
ек­пе­ле­рі
6.
ор­ман тұқым­бақ­та­ры
Ор­ман­мен қам­тыл­ма­ған
жер­лер:
7.
аға­шы ке­сі­л­ген жер­лер
8.
өр­тең­дер және қу­ра­ған
ал­қа­а­ға­штар
9.
алаң­қай­лар
10.
си­рек аға­штар
11.
Ор­ман­мен қам­тыл­ма­ған
жер­лер­дің жиын­тығы
12.
Ор­ман­ды жер­лер бар­лы­ғы
Ор­ман­сыз жер­лер:
13.
жыр­ты­л­ған жер­лер,
ты­ңай­ған жер­лер
14.
ша­бын­дық­тар
15.
жай­ы­лым­дар
16.
жол­дар, соқ­пақ­тар,
өрт­ке қар­сы үзі­лім­дер
17.
үй-жай­лар
18.
су­лар
19.
бат­пақ­тар
20.
құм­дар
21.
мұз­дақ­тар
22.
бас­қа жер­лер
23.
Ор­ман­сыз жер­лер жиы­ны
24.
Ор­ман­ды және ор­ман­сыз
жер­лер­дің жал­пы ауда­ны
25.
Оның ішін­де ұзақ мер­зім­ді ор­ман
пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ге­ні

3 Мемлекеттік орман қорының санаттары және жеке орман қоры бойынша алқаптардың өзгеруін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 3-қосымша
Мемлекеттік орман қорының санаттары және жеке орман қоры бойынша алқаптардың өзгеруін талдау
(ауданы, мың га)
Мем­ле­кет­тік ор­ман
қо­ры­ның са­нат­та­ры
1
ны­сан-
ның
ко­ды
Ор­ман қо­рын
есеп­ке алу ке­зе­ңі
(кү­ні, айы және
жы­лы)
Ай­ыр­ма­сы
+   -
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан
кей­ін­гі
Ауда­ны
%
1
2
3
4
5
6
1. Ерекше қор­ға­ла­тын
ор­ман аумақ­та­ры - жиы­ны
1
олар­дан мем­ле­кет­тік
та­би­ғат ес­керт­кіш­те­рі
2
оның ішін­де:
1) мем­ле­кет­тік та­би­ғи
қо­рық­тар ор­ман­да­ры
3
олар­дан мем­ле­кет­тік
та­би­ғат ес­керт­кіш­те­рі
4
2) мем­ле­кет­тік ұлт­тық
та­би­ғи парк­тер ор­ман­да­ры
5
олар­дан мем­ле­кет­тік та­би­ғат ес­керт­кіш­те­рі
6
3) мем­ле­кет­тік та­би­ғи ре­зер­ват­тар ор­ман­да­ры
7
олар­дан мем­ле­кет­тік та­би­ғат ес­керт­кіш­те­рі
8
4) мем­ле­кет­тік өңір­лік
та­би­ғи парк­тер ор­ман­да­ры
9
5) мем­ле­кет­тік қо­рық
ай­мақ­та­ры ор­ман­да­ры
10
6) бас­қа са­нат­тар­да­ғы
мем­ле­кет­тік та­би­ғат
ес­керт­кіш­те­рі
11
2. Мем­ле­кет­тік ор­ман
қо­ры­ның жер­ле­рін­де­гі
ор­ман­дар және ор­ман
өсім­дік­те­рі­мен қам­тыл­ма­ған жер
учас­ке­ле­рі - жиы­ны:
12
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­лер
13
оның ішін­де:
1) ге­не­ти­ка­лық
ре­зер­ват­та­рын қо­са
ал­ған­да, ғы­лы­ми ма­ңы­зы
бар ор­ман учас­ке­ле­рі
14
олар­дан ге­не­ти­ка­лық
ор­ман ре­зер­ват­та­ры
15
2) аса құн­ды ор­ман
ал­қап­та­ры
16
3) жаң­ғақ кә­сіп­ші­лі­гі
ай­мақ­та­ры
17
4) ор­ман же­мі­сі
ал­қа­а­ға­шта­ры
18
5) аса би­ік тау
ор­ман­да­ры
19
6) мем­ле­кет­тік
қор­ға­ны­штық ор­ман
бел­де­уле­рі
20
7) қа­ла ор­ман­да­ры және
ор­ман­ды са­ябақ­тар
21
8) ел­ді ме­кен­дер­дің
және ем­деу-са­уық­ты­ру
ме­ке­ме­ле­рі­нің жа­сыл
ай­мақ­та­ры
22
9) эро­зи­я­ға қар­сы
ор­ман­дар
23
10) өзен­дер, көл­дер, су
қой­ма­ла­ры мен бас­қа да
су объ­ек­ті­ле­рі жа­ға­лау-
ла­рын­да­ғы тый­ым са­лын­ған
ор­ман бел­де­уле­рі
24
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын
учас­ке­ле­рі
25
11) ха­лы­қа­ра­лық және
рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы
бар ор­тақ пай­да­ла­ну­да­ғы
ав­то­мо­биль жол­да­ры мен
те­мір жол­дар бой­ын­да­ғы
қор­ға­ны­штық ор­ман­ды
бел­де­улер
26
12) егі­стік-то­пы­рақ
қор­ға­ны­штық ор­ман­дар
27
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын
учас­ке­ле­рі
28
3. Ха­лы­қа­ра­лық және
рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы
бар ор­тақ пай­да­ла­ну­да­ғы
ав­то­мо­биль жол­да­ры мен
те­мір жол­дар,
ма­ги­страл­дық құ­быр­лар
және бас­қа да же­лі­лік
құ­ры­лы­стар­ға бө­лін­ген
бел­де­улер­де­гі
қор­ға­ны­штық ал­қа­а­ға­штар
29
Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры
ор­ман­да­ры­ның жал­пы
ауда­ны
30
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­лер
31
Ұзақ мер­зім­ді ор­ман
пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ге­ні
32
оның ішін­де сү­рек
дай­ын­дау үшін
33
Же­ке ор­ман қо­ры­ның жал­пы
ауда­ны
34
Ор­ман қо­ры, бар­лы­ғы
35

4 Мемлекеттік орман қорының негізгі орман құратын тұқымдарының тұқымдық құрамының серпінін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 4-қосымша
Мемлекеттік орман қорының негізгі орман құратын тұқымдарының тұқымдық құрамының серпінін талдау
(ауданы, мың га)
Ба­сым тұқым­дар
Ор­ман қо­рын
есеп­ке алу ке­зе­ңі
(кү­ні, айы және
жы­лы)
Ай­ыр­ма­сы
+, -
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан
кей­ін
+, -
%
1
2
3
4
5
Негіз­гі ор­ман құ­ра­у­шы
тұқым­дар бар­лы­ғы,
оның ішін­де:
Қыл­қан жа­пы­рақ­ты­лар,
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
қа­ра­ғай
шыр­ша
са­мыр­сын
бал­қа­ра­ғай
сі­бір са­мыр­сы­ны
ар­ша
Жұм­сақ жа­пы­рақ­ты­лар,
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
қай­ың
көк­те­рек
қан­дыа­ғаш
те­рек
ақ­тал
Қат­ты жа­пы­рақ­ты­лар,
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де:
емен
ша­ған
үй­ең­кі
қа­ра­ғаш және бас­қа
қа­ра­ғаш тұқым­да­ры
Сек­се­уіл­дік­тер, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
ақ сек­се­уіл
қа­ра сек­се­уіл

5 Мемлекеттік орман қорының тұқым топтары шегінде жас топтары бойынша орманмен қамтылған жерлерді бөлу серпінін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік
есебінің құжаттамасын
жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 5-қосымша
Мемлекеттік орман қорының тұқым топтары шегінде жас топтары бойынша орманмен қамтылған жерлерді бөлу серпінін талдау
(ауданы, мың га)
Ба­сым тұқым­дар
Ор­ман қо­рын
есеп­ке алу ке­зе­ңі
(кү­ні, айы және
жы­лы)
Ай­ыр­ма­сы
+, -
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан
кей­ін
+, -
%
1
2
3
4
5
Қыл­қан жа­пы­рақ­ты­лар,
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
Ба­лау­са­лар
Ор­та жас­та­ғы­лар
Пі­сіп ке­ле жа­тқан­дар
Пі­сіп же­ті­л­ген­дер және
кө­нер­ген­дер
Жұм­сақ жа­пы­рақ­ты­лар,
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
Ба­лау­са­лар
Ор­та жас­та­ғы­лар
Пі­сіп ке­ле жа­тқан­дар
Пі­сіп же­ті­л­ген­дер және
кө­нер­ген­дер
Қат­ты жа­пы­рақ­ты­лар,
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
Ба­лау­са­лар
Ор­та жас­та­ғы­лар
Пі­сіп ке­ле жа­тқан­дар
Пі­сіп же­ті­л­ген­дер және
кө­нер­ген­дер
Сек­се­уіл­дік­тер, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
Ба­лау­са­лар
Ор­та жас­та­ғы­лар
Пі­сіп ке­ле жа­тқан­дар
Пі­сіп же­ті­л­ген­дер және
кө­нер­ген­дер

6 Мемлекеттік орман қорындағы негізгі орман құраушы тұқымдардың сүрек қорлары көрсеткіштерінің серпінін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 6-қосымша
Мемлекеттік орман қорындағы негізгі орман құраушы тұқымдардың сүрек қорлары көрсеткіштерінің серпінін талдау
қоры, мың м 3
Көр­сет­кіш­тер
Ор­ман қо­рын
есеп­ке алу ке­зе­ңі
(кү­ні, айы және
жы­лы)
Ай­ыр­ма­сы
+, -
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан
кей­ін
Қор
%
1
2
3
4
5
Негіз­гі ор­ман құ­ра­у­шы
тұқым­ды ал­қа­а­ға­штар­дың
жал­пы қо­ры, оның ішін­де:
пі­сіп ке­ле жа­тқан
ал­қа­а­ға­штар­дың қо­ры
пі­сіп же­ті­л­ген және
кө­нер­ген ал­қа-аға­штар­дың
қо­ры, бар­лы­ғы
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­ле­рі
Қыл­қан жа­пы­рақ­ты­лар,
ал­қа­а­ға­штар­дың жал­пы
қо­ры, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
пі­сіп ке­ле жа­тқан
ал­қа­а­ға­штар­дың қо­ры
пі­сіп же­ті­л­ген және
кө­нер­ген ал­қа-аға­штар­дың
қо­ры, бар­лы­ғы
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­ле­рі
Жұм­сақ жа­пы­рақ­ты­лар,
ал­қа­а­ға­штар­дың жал­пы
қо­ры, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
пі­сіп ке­ле жа­тқан
ал­қа­а­ға­штар­дың қо­ры
пі­сіп же­ті­л­ген және
кө­нер­ген ал­қа­а­ға­штар­дың
қо­ры, бар­лы­ғы
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­ле­рі
Қат­ты жа­пы­рақ­ты­лар,
ал­қа­а­ға­штар­дың жал­пы қо­ры
бар­лы­ғы,
оның ішін­де:
пі­сіп ке­ле жа­тқан
ал­қа­а­ға­штар­дың қо­ры
пі­сіп же­ті­л­ген және
кө­нер­ген ал­қа-аға­штар­дың
қо­ры, бар­лы­ғы
олар­дан ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­ле­рі
Сек­се­уіл то­ғай­ла­ры,
ал­қа­а­ға­штар­дың жал­пы қо­ры
бар­лы­ғы, со­ның ішін­де:
пі­сіп ке­ле жа­тқан
ал­қа­а­ға­штар­дың қо­ры
пі­сіп же­ті­л­ген және
кө­нер­ген ал­қа-аға­штар­дың
қо­ры, бар­лы­ғы
олар­дың ба­сты мақ­сат­та
пай­да­ла­ну үшін ағаш
ке­су­ге бо­ла­тын учас­ке­ле­рі

7 Мемлекеттік орман қоры ормандарының шығымдылығы көрсеткіштерінің серпінін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 7-қосымша
Мемлекеттік орман қоры ормандарының шығымдылығы көрсеткіштерінің серпінін талдау
р/с
N
Көр­сет­кіш­тер
Өл­шем
бір­лі­гі
Ор­ман қо­рын есеп­ке алу жыл­да­ры
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан кей­ін­гі
бар­лы­ғы
о.і.
қыл­қан
жа­пы­рақ
бар­лы­ғы
о.і.
қыл­қан
жа­пы­рақ
1
2
3
4
5
6
7
1.
Жал­пы
ор­та­ша
өсі­мі
мың м 3
2.
Ор­ман­мен
қам­ты­л­ған
жер­лер­дің
1 гек­та­ры­на
өсім
м 3
3.
Ор­ман­мен
қам­ты­л­ған
жер­лер­дің
1 гек­та­ры­на
қор
м 3
4.
Пі­сіп же­тіл-
ген және кө-
нер­ген ал­қа-
аға­штар­дың 1
гек­та­ры­на қор
м 3
5.
Ор­ман­ды өңір
%
Х
Х
кестенің жалғасы
Ай­ыр­ма­сы
аб­со­лют­тік өл­шем
%
бар­лы­ғы
о.і. қыл­қан жа­пы­рақ
8
9
10
Х

8 Мемлекеттік орман қорында ормандарды молықтыру түрлері бойынша орманды және орманмен қамтылмаған жерлерді бөлу серпінін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 8-қосымша
Мемлекеттік орман қорында ормандарды молықтыру түрлері бойынша орманды және орманмен қамтылмаған жерлерді бөлу серпінін талдау
(ауданы, мың га)
Көр­сет­кіш­тер
Есеп­ке алу жыл­да­ры
(кү­ні, айы және
жы­лы)
Ай­ыр­ма­сы
+, -
осы­ның
ал­дын­да­ғы
со­дан
кей­ін­гі
мың, га
%
1
2
3
4
5
1. Ор­ман­мен қам­тыл­ма­ған
жер­лер, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
1) та­би­ғи тү­лей­т­ін­дер,
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де:
қыл­қан жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
жұм­сақ жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
қат­ты жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
сек­се­уіл
2) та­би­ғи қал­пы­на ке­лу­ге
жәр­дем­де­су, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
қыл­қан жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
жұм­сақ жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
қат­ты жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
сек­се­уіл
3) ор­ман ек­пе­ле­рін егу, бар­лы­ғы
оның  ішін­де:
қыл­қан жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
жұм­сақ жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
қат­ты жа­пы­рақ­ты тұқым­ды­лар
сек­се­уіл
4) ша­ру­а­шы­лық әсе­рін­сіз
қал­ды­ры­л­ған жер­лер
Қай­та жа­ңар­ту­ды қа­жет ете­тін
ал­қа­а­ға­штар­дың ал­қа­бы

9 Мемлекеттік орман қорындағы жай-күйі қанағаттанарлықсыз немесе жойылып кеткен орман екпелерін талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 9-қосымша
Мемлекеттік орман қорындағы жай-күйі қанағаттанарлықсыз немесе жойылып кеткен орман екпелерін талдау
(ауданы, га)
Ор­ман ек­пе­ле­рі­нің
жой­ы­лып ке­ту неме­се
жай-күй­і­нің
қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
бо­лу се­беп­те­рі
Есе­па­ра­лық
ке­зе­ңін­де­гі
өсі­рі­л­ген
ор­ман
ек­пе­ле­рі­нің
ауда­ны
Ор­ман ек­пе­ле­рі­нің жай-күйі
Қа­на­ғат­та­нар-
лық­сыз
Жой­ы­лып кет­кен
ауда­ны
өсі­ріл-
ген­нен %
ауда­ны
өсі­ріл-
ген­нен
%
1
2
3
4
5
6
Ор­ман ек­пе­ле­рі,
бар­лы­ғы
олар­дың жай-күйі
қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
және мы­на
се­беп­тер­мен
жой­ы­л­ға­ны:
ор­ман өрт­те­рі
Х
ор­ман ек­пе­ле­рін
өсі­ру тех­но­ло­ги­я­сы-
ның бұ­зы­луы
Х
кү­тім жа­са­удың
уа­қы­ты­мен
жүр­гі­зіл­ме­уі
(жоқ­тығы)
Х
мал­дың тап­та­уы
және бас­қа­ла­ры
Х

10 Мемлекеттік орман қорында орманға күтім жасау және санитарлық мақсаттарда ағаш кесу бойынша талдау

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 10-қосымша
Мемлекеттік орман қорында орманға күтім жасау және санитарлық мақсаттарда ағаш кесу бойынша талдау
(ауданы, га (мың га)
(қажетсізін сызу)
Ал­қа­а­ға­штар
топ­та­ры
Кү­тім жа­сау мақ­са­тын­да ағаш ке­су түр­ле­рі
Са­ни­тар­лық
мақ­сат­та ағаш
ке­су түр­ле­рі
жа­рық-
тан­ды­ру
және
та­зар­ту
си­ре­ту
өт­пе­лі
жиы­ны
ірік­теп
жап-
пай
жиы-
ны
А
1
2
3
4
5
6
7
1. Есеп­ке алу
жы­лын­да­ғы жағ­дай
бой­ын­ша кү­тім
жа­сау және
са­ни­тар­лық
мақ­сат­тар­да
ке­су­ді қа­жет
ете­тін
ал­қа­а­ға­штар,
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
қыл­қан жа­пы­рақ­ты­лар
жұм­сақ
жа­пы­рақ­ты­лар
қат­ты
жа­пы­рақ­ты­лар
сек­се­уіл
Х
Х
Х
Х
2. Кү­тім жа­сау
және са­ни­тар­лық
мақ­сат­тар­да
ағаш ке­су­дің
жыл­дық есеп­тік
мөл­ше­рі, бар­лы­ғы
оның ішін­де:
қыл­қан жа­пы­рақ­ты
ал­қа­а­ға­штар
жұм­сақ жа­пы­рақ­ты
ал­қа­а­ға­штар
қат­ты жа­пы­рақ­ты
ал­қа­а­ға­штар
сек­се­уіл
Х
Х
Х
Х

11 "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын дайындауы және беруі

Қазақстан Республикасында
орман қорының мемлекеттік есебінің
құжаттамасын жүргізу тәртібі туралы
нұсқаулыққа 11-қосымша
"Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын дайындауы және беруі
Есеп ны­сан­да­ры­ның
ата­уы
Есеп ны­сан­да­ры бе­рі­ле­ді
Мем-
ле-
кет-
тік
ор­ман
ие­ле-
ну­ші
Же­ке
ор-
ман
иел-
ену-
ші
Уәкі-
лет­ті
ор­ган
Аумақ-
тық
ор­ган
Об­лыс
әкім­ді­гі
Кө­лік
және
ком­му-
ни­ка-
ци­я­лар
ми­нис-
тр­лі­гі
"Қа­зор-
ман­жо-
ба­лау"
да­на­лар са­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
N 1 ны­сан,
N 2 ны­сан
1
-
3
(әр-
бір
ор­ман
ие­ле-
ну­ші
бой-
ын­ша)
2
(әр­бір
ор­ман
ие­ле-
ну­ші
бой­ын-
ша)
2
(әр­бір
ор­ман
ие­ле­ну­ші
бой­ын­ша)
2
(әр­бір
ор­ман
ие­ле-
ну­ші
бой­ын-
ша)
1
(әр­бір
ор­ман
ие­ле­ну-
ші бой-
ын­ша)
Об­лыс
бой­ын­ша
жиын­тық
ны­сан­дар
(N 1 ны­сан,
N 2 ны­сан)
-
-
3
2
2
2
1
Рес­пуб­ли­ка
бой­ын­ша
жиын­тық
ны­сан­дар
(N 1 ны­сан,
N 2 ны­сан)
-
-
3
-
-
2
1
Об­лыс
бой­ын­ша
жиын­тық
ны­сан­дар:
мы­на­лар
бой­ын­ша
N 1 ны­сан,
N 2 ны­сан:
мем­ле­кет­тік
та­би­ғи
қо­рық­тар
-
-
3
2
-
-
1
мем­ле­кет­тік
ұлт­тық
та­би­ғи
парк­тер
-
-
3
2
-
-
1
мем­ле­кет­тік
та­би­ғи
ре­зер­ват­тар
-
-
3
2
-
-
1
бас­қа ор­ган­дар­дың
қа­ра­уын­да­ғы ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар
-
-
3
2
-
-
1
ор­ман се­лек­ци­я­лық ор­та­лық­та­ры
-
-
3
2
-
-
1
Ко­ми­тет­тің
қа­ра­уын­да­ғы ор­ман ие­ле­ну­ші­лер
-
-
3
2
2
-
1
Әкім­дік­тер қа­ра­уын­да­ғы ор­ман ие­ле­ну­ші­лер
-
-
3
2
2
-
1
Же­ке ор­ман ие­ле­ну­ші­лер бой­ын­ша
N 1 ны­сан
-
1
3
2
2
-
1
Тү­сін­дір­ме жа­з­ба
-
-
3
-
-
-
1

Қолданыстағы