Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 597 · қабылданған 20.06.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40157/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 597 ·20.06.2008
28.08.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 597 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
597
Қабылданған күні
20.06.2008
Көрсетілген редакция
28.08.2017 40157_236901.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000597_
ЭКБ идентификаторы
40157
Редакция идентификаторы
40157_236901
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:15

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 115-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде 1-тармақтың 6) тармақшасындағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 152-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде 15-тармақтың 1) тармақшасындағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

3

4 4) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5 5) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы N 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 61-құжат):

кіріспедегі және 1, 2-тармақтардағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:

3 3) тармақшада:

"гендерлік жағдайды" деген сөздер "әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"гендерлік" деген сөзден кейін "және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен толықтырылсын;

5 5) тармақшада:

үшінші абзацтағы "гендерлік теңдік", төртінші және бесінші абзацтардағы "гендерлік теңдікке" деген сөздер "әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің", "әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "жүргізуге" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"демографиялық жағдайды жақсартуға;";

6 6) тармақшада:

"ерлердің, әйелдер мен балалардың" деген сөздер "халықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

7 7) тармақшада "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "жыныстар теңдігінің, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;

9 9) тармақшада "гендерлік теңдіктің" деген сөздер "жыныстар теңдігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

3 3) тармақшада "отбасы және гендерлік теңдік" деген сөздер "жыныстар теңдігі, отбасы және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4) тармақшада "отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін" деген сөздер "жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін";

6 6) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 261 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1, 6 және 16-жолдардағы "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

7

7) "Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы N 600 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 241-құжат):
2-тармақтағы "Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 20, 21, 35, 37, 38, 40, 41 және 43-жолдардағы "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

8 8) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

9 9) "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 953 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 1, 8, 12, 17, 25, 29, 34, 36, 45, 46-жолдардың 4-бағанда "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертудегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы мәселелері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

10

10) "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 3, 145, 146, 147-жолдардың 3-бағанында "ОІГСҰК" деген аббревиатура "ӘІОДСҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпедегі "ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

11 11) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 қаулысында:

көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы:
"Моисеева Нелли Яковлевна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас сарапшысы" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
"Моисеева Нелля Яковлевна - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының сарапшысы";

12 12) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
4-бөлімдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы