Қолданыстағы ред. 28.05.2008 (Редакция 40172_340087.kaz)

Алға селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы от 28.05.2008 г. № 266 (Алға селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы)

0

Алға селолық округі әкімі
аппаратының мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Алға селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:

1

1) "Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру" 1- қосымшаға сәйкес;

2

2) "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу" 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға селолық округінің әкімі С. Оңдағаниға жүктелсін.

3

3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

6

Махамбет аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 мамырдағы
№ 266 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ
Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы.
Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлерге қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы Алға селолық округ әкімі аппаратынан анықтама беру.

2

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
Автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық акті: 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабы, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 101 және102 бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу» Заңының 19 бабы.

4

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
Махамбет ауданы, Алға селосы, Алға селолық округі әкімі аппараты

5

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: Анықтама.

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Шаруа қожалықтары және тұрғындар.

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері.

1

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған «тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: селолық округ әкімі аппаратынан 1 жылға анықтама беріледі. Құжаттар тапсырылған күні атқарылады.

2

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: Әр тұтынушыға 10 минут

3

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 30 минут

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз, тегін.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Алға селосы Орталық көшесі №9 үй, селолық округ әкімі аппараты.

10

10. Жұмыс кестесі:
Мемлекеттік қызмет көрсету аптаның жұмыс күндері дүйсенбі-жұма күндері, сағат 8.30 – 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30- 14.00-ге дейін. Қызмет көрсетудің басқа жолдары қарастырылмаған.

11

11. Қызмет көрсетілетін орын: Алға селосы, Орталық көшесі № 9 үй.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:

1

1) Шаруа қожалығының мемлекеттік тіркелгендігі туралы құжаты, азаматтардың жеке куәлігі және үй кітабы көшірмесі;

2

2) Ветеринарлық паспорттың көшірмесі;

3

3) Шаруа қожалығына алынған жердің мемлекеттік жер актісі;

4

4) Келісім шарт;

5

5) Салық төлеуші куәлігі;

13

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын:
Алға селолық округі әкімі аппараты.

14

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, өтініштерді, нысандарды және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адам:
Селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Нұрғожа Гүлнар. Алға селосы Жиеналиев көшесі №2 үй тел: 2-75-70 – қызметтік
2-75-35 үйі.

15

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету.
Селолық округ әкімі аппаратының мөрі соғылған анықтама беріледі.

16

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттері:
Қосалқы шаруашылығы бар екені жөніндегі толық құжаттар пакетіне сай тұтынушыға арнайы тіркеу журналдарына қол қойдыру арқылы жеке беріледі.

17

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:

1

1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын құжаттардың толық болмауы.

3. 3. Жұмыс қағидаттары

3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау:

1

1) Сыпайылық;

2

2) Тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету;

3

3) Тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).

4. 4. Жұмыс нәтижелері

4. Жұмыс нәтижелері

19

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.

20

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. 5. Шағымдану тәртібі

5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы
Алға селолық округ әкімі

22

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету.
Селолық округ әкімі Тел: 2-75-51

23

23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын және орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері.
Селолық округ әкімі аппараты

6. 6. Байланыс ақпараты

6. Байланыс ақпараты

22

22. Тікелей мемлкеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, немесе өзгеде субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
Аудандық жер қатынастары бөлімі
Қабылдау кестесі: Әр айдың дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбісі
Қызмет телефоны: 2-19-45
Мекен-жайы: Махамбет селосы

23

23. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: Қосымша қызмет көрсетілмейді.

50

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақтылығы
1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100 %
90 %
80 %
1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі)
100 %
92 %
82 %
2.Сапасы
2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
85 %
80 %
2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100 %
80 %
75 %
3.Қол жетімділік
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
89 %
80 %
3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100 %
88 %
76 %
3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
4.Шағымдану үдерісі
4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,1 %
0,2 %
0,3 %
4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
100 %
87 %
81 %
4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
88%
82 %
4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
88 %
82 %
5.Сыпайылық
5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
95 %
87 %
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі:

1

1) Ветеринарлық паспорт көшірмесі;

2

2) Шаруа қожалығына алынған жердің мемлекеттік жер актісі;

3

3) Келісім шарт;

4

4) Салық төлеуші куәлігі

55

Махамбет аудандық әкімиятының
2008 жылғы 28 мамырдағы
№ 266 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің СТАНДАРТЫ
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.

2

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.

3

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
Автоматтандырылмаған.

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық акті: 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабы, 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңының 2-тарау 6-бабы, Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 Қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады.

5

5. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
Махамбет ауданы, Алға селосы, Алға селолық округі әкімі аппараты.

6

6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алу үшін берілген арыздар бойынша кезекке қойылып, кезегі келген кезде балабақшаларға жолдама береді.

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты.
Барлық азаматтар

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1

1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 15 күн.

2

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт:1 ай.

3

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері:

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз, тегін.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы Алға селолық округі әкімі аппаратының ақпараттық стенділер ілініп, аудандық газетке жарияланады.

10

10. Жұмыс кестесі: Бес күндік жұмыс уақыты
Сағат 8.30 – 18.00 дейін
(күндер, сағаттар, үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету түрлері жоқ.
Азаматтарды жеке қабылдау: Әр аптаның сәрсенбісі;

11

11. Қызмет көрсетілетін орын: Алға селосы, Орталық көшесі № 9 үй.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, селолық округі әкімі аппаратына қажетті құжаттар тапсырылады:

1

1) ата-аналардың арызы;

2

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тоқсан сайын ата-аналар өздерінің кезектерін тексеріп тұруы қажет.
Балабақшаларға жолдама алу үшін ата-аналардың берілген үлгі бойынша жазылған арыздары аптаның жұма күндері комиссия отырысында қаралады.
Балабақшаларға жолдама алуда жеңілдіктері бар төмендегі адамдар.:

1

1) 5-(6) жастағы мектепалды даярлық топтарына баратын балалар;

2

2) Ата-аналары 1 және 2 топтағы мүгедек жанұя балалары;

3

3) Қамқоршының арызы бойынша қамқоршылыққа алынған жетім балалар;

4

4) Жалғыз басты аналар (№ 4 үлгінің көшірмесіне сәйкес);

5

5) Көп балалы жанұя балалары, жанұя жағдайларына сәйкес анықтама негізінде;

13

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған арыз көрсетілген үлгіге сәйкес ата-аналардың бірі қолмен жазылған немесе компьютерде терілген түрінде болады.

14

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, ныандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адам: Селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрғожа Гүлнар.
Алға селосы, Жиеналиев көшесі № 2 үй тел:2-75-70 – қызметтік 2-75-35 үйі

15

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын журналға тіркеп, кезектің номері мен кезекке қойылған күннің жадысы көрсетілген талон жауапты маманның қолымен беріледі.

16

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттері: Электрондық почта, жеке бару, курьер арқылы

17

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:

1

1) мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын құжаттардың толық болмауы

3. 3. Жұмыс қағидаттары

3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау:

1

1) сыпайлық;

2

2) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

3

3) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4. 4. Жұмыс нәтижелері

4. Жұмыс нәтижелері

19

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.

20

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. 5. Шағымдану тәртібі

5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсету қызметін Алға селолық округі әкімі аппараты атқарады.

22

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы: Алға селолық округі әкімі аппараты, әкім кабинеті.

23

23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері:
Селолық округ әкімі: тел 2-75-51.

6. 6. Байланыс ақпараттары

6. Байланыс ақпараттары

24

24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
Алға селосы, Алға селолық округ әкімі аппараты.
Қабылдау кестесі: Әр аптаның сәрсенбісі
Қызмет телефоны: 2-75-70

25

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпаратты Алға селолық округі әкімі аппаратынан білуге болады.

102

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақтылығы
1.1.Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
1.2.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %(үлесі)
100 %
100 %
100 %
2.Сапасы
2.1.Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
2.2.Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімделген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
1.Қол жетімділік
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
3.2.Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
2.Шағымдану үдерісі
4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
4.3.Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
4.4.Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %
3.Сыпайылық
5.1.Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100 %
100 %
100 %