Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-43
- Қабылданған күні
- 27.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2008 · қолданыстағы 40186_347761.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DL000076
- ЭКБ идентификаторы
- 40186
- Редакция идентификаторы
- 40186_347761
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:24
0 Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 2-10-242 хатының негізінде Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасы белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
КЕЛІСІЛДІ:
3 Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы № 8-43 «Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мын мысықтарды күтіп ұстау қағидасын белгілеу туралы» шешімімен белгіленген
Қаратал ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидалары
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиалық салауаттылығы туралы", «Ветеринария туралы» Заңдарын орындау үшін және кент, қала және селолардың ахуалын жақсарту мақсатында төмендегі қағидалар белгіленді.
Осы ереже Үштөбе қаласында, сонымен қатар Қаратал ауданы аумағындағы барлық елді мекендерінде қолданылады. Ереже меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қоса алғанда ауданның елді мекендерінде үй хайуанатарын ұстаушылардың барлығына қолданылады.
1 1. Иттер мен мысықтардың иелері:
1 1)иттер мен мысықтарды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, хайуанаттарға адамгершілікпен қарауға, қаруасыз,тамақсыз,сузыс қалдырмауға, хайуанат ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне сүйенуге;
2 2)иттер мен мысықтарды ұстау қағидалары мен санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға, олардың жалпы пайдаланымдағы жepлepдi ластауға жол бермеуге сонымен қатар, адамдар қауіпсіздігін және тыныштығын қамтамасыз eтyi тиіс.
3 3)ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша диагностикалық тексеру мен емдеп қарау үшін итдер мен мысықтарды дер кезінде ветеринарлық мекемеге жеткізуге;
4 4)иттерден қорғануға айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мынадай қажетті шаралар қолданылуы тиіс: аула иттерi арнаулы бөлінген жерде және байлауда ұсталынады, сақтандыру тақтайшалары ілінуі керек, иттер қарғы баумен, қысқа тізгінмен, тұмылдырықпен қыдыртылуы тиіс;
5 5)иттер адамдарды немесе хайуанаттарды қауып алса, олардың иелері ол туралы жақын маңайдағы меициналық, ветеринарлық мекемеге тез арада хабар беруге тиісті және де ол ветеринар маманның бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиіс;
6 6) объетілерді, аумақтарды иттермен күзету кезінде, олардың иелері сақтандыру тақтайшасын іліп қоюға тиісті.
7 7)тыйым салатын жазбалар болмаған жағдайларда иттердің иелеріне итінің тұмылдырығы және қысқа тізгіні бар болған жағдайда мекемелерде, азық түліктік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.
2 2. Иттер мен мысықтарды ұстау саны:
1 1)иттер мен мысықтарды ұстау да олардың саны шектелмейді. Алайда ол манайындағылар мен көршілердің наразылығын тұдырмауы тиіс.
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстайтын мекемелер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар:
1 1)жануарларды ұстау мен серуендетуде осы қағида талаптарын ұстануы;
2 2)коммуналдық пәтерде тұратындардың иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланатын жерде (ас бөлмелерде, басқыш алаңдарда, шатырларда, подвалдарда) ұстамауы;
3 3)иттерді далаға шығарып, серуендеткен кезде тұмсығына тұмылдырық кигізіп, қысқа тізгінмен жетелеп жүруі, ит және мысықтарды қалалық көліктерде тасымалдағанда арнайы торларда, сөмкеде алып жүруі;
4 4)ауласында ит ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бермеyi және
көршілердің ауласынан алшақ ұстауы, аулаға кipeбepicкe ит бар екендігі жөнінде ескертпе жазу іліп қоюы;
5 5) ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде алып жүруг тиым салынады.
4 4. Елді мекендердегі иттер мен мысықтардың иелерің ит пен мысық ұстайтын
мекемелер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар:
1 1)итті асырап немесе сатып алған күннен бастап өздерінің жануарларын, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі Қаратал аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясы бөлімінде тipкeтіп арнайы төл құжатын алуға;
2 2)жануарларға вакцина егуді тұрақты жүргізуге;
3 3)иттердің адамдарды және басқада жануарларды тістеп алғандығы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларта тез хабарлап, жарақат салған үй жануарларын тез арада қалалық ветеринарлық станциясына тексеруге және карантиндік шараларды жүргізу үшін жеткізуге;
4 4)ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер жүргізуге емдеуге профилактикалық емдеу үшін әкелуге;
5 5)ветеринариялық қызмет мамандарының нұсқауымен иттердің мысықтарды тексеруге, құтыруға карсы егуге әкелуге;
6 6)ит пен мысықты ұстауға алғанда немесе басқа елді мекенге көшкенде ветеринарлық мекемеге дер кезінде хабарлауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.
5 5. Иттерді және мысықтарды ұстау:
1 1)қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас адамдарға, 14 жасқа дейінгі балаларға ipi иттерді қыдыртуға және итпен көшеге шығуға;
2 2)адамдар шомылу үшін бөлінген жерлерде, су ағыны бойымен 500 метрден артық жерге дейін иттер мен мысықтард шомылдыруға тиым салынады.
3
3)дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына ит иелерінің әдейі уақытша байлап қойған иттерден басқа қоғамдық орындарда қожайынсыз жүрген ит пен мысықтар қаңғыбас деп есептелінеді және де ондай иттер мен мысықтар арнаулы қызметтің жұмысшыларымен аулануға жатады.