Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
ҚАЗТеректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-2
- Қабылданған күні
- 22.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2012 · қолданыстағы AI40212_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZL000061
- ЭКБ идентификаторы
- 40212
- Редакция идентификаторы
- AI40212_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:26
0 Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру,санитарлық тазарту,тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері
Мәслихаттың
2008 жылғы 22 мамырдағы
№ 9-2 шешімімен бекітілді
Теректі ауданының елді мекен аумақтарын
абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты
сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әзірленді.
Ереже Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстары саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге қолданылады.
2 2. Ортақ қолданыстағы жерлерді тазарту және ұстау
2 2. Саябақтардың, демалыс аймақтарының, көпшілік ойын-сауық орындарының және басқа да ортақ қолданыстағы жерлердің аумақтары осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес күтіп ұсталуы тиіс.
3 3. Саябақтарда, базарларда,офистер мен сауда жайларының кіреберіс бөлігінде қоқыс салғыштар саны жеткілікті болуы тиіс.
Қоқыс салғыштардың тазалығына осы аумақты тазартуды жүзеге асыратын ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер жауапты.
4 4. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторлары және ауылдардың көркі болып табылады, елді-мекеннің бірыңғай жасыл қорын құрайды және қорғалуға тиіс.
5 5. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақтарында жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс соның ішінде:
1
1) толық агротехникалық шаралар жинағын жүргізіп тұру, атап айтқанда: суару, қию, қураған бұтақтарды кесу, апатқа шұраған және қураған ағаштарды жинау, ағаштың түбіріндегі балақ шыбықтарын кесу, тыңайтқыштарды салу, жас ағаштардың бағандарында шұқұр орналастыру, дезинфекциялау және жарақаттарды майлау, қуысын бітеу, сондай-ақ арам шөптерді жою үшін механикалық өңдеу (сора, шырмауық, жусан, ойраншөп, ж.б.);