Қолданыстағы ред. 10.06.2008 (Редакция 40217_323756.kaz)

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы от 10.06.2008 г. № 143 (Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы)

0

Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды ұйымдастыру
туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскерге шақырылушыларды кезекті әскерге шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту, кезекті аудандық шақыру пунктін сапалы және уақытында қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылдың маусым айында Жылыой ауданы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығынан айырылған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, басқа әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.

2

2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Атырау облысы денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):

1

1) әскерге шақырушылардың қан және зәр құрамын айыруды, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау (ЭКГ- электрокардиограмма) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) және мерез ауруларына тексеру үшін емдеу профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;

2

2) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкес жастарды емдеу-сауықтыру шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

4

4. 2 қосымшаға сәйкес мекемелер басшыларына Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу ұсынылсын.

5

5. Атырау облысы ішкі істер департаменті Жылыой ауданының ішкі істер бөліміне (Б.Рахметов) (келісім бойынша) Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп (келісім бойынша):

1

1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;

2

2) әскерге шақырулы комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу;

3

3) Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жинақтаушы пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның күшейтілген нарядын бөліп, командаларды көлікке отырғызу жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) жол полиция басқармасы нарядымен бастап шығарып салу ұсынылсын.

8

8. Жылыой ауданы қаржы бөлімі 2008 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

9

9. Жылыой аудандық әкімиятының 2007 жылғы 11 қыркүйектегі №232 «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» қаулысының (Жылыой ауданының әділет басқармасында 2007 жылы 1 қазанда №4-2-71 мемлекеттік тіркеу санымен тіркелген, «Кең Жылой» газетінде 2007 жылы 26 қазанда №43 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.

11

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Атырау облысының ішкі істер
департаменті Жылыой ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы
«10» маусым 2008 ж. Б. Рахметов

15

Аудандық әкімияттың
2008 жылғы 10 маусымдағы
№ 143 қаулысына 1 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық әскери шақыру комиссиясының құрамы
Тілеуов Дастан Құбашұлы - Жылыой ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығының
уақытша міндетін атқарушы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит Сағиұлы - Жылыой ауданы әкімінің
орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары
Таласбаева Қалау Қажымқызы - Жылыой аудандық емханасының
мейірбикесі,комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Минтаев Азат Спатайұлы - Атырау облысының ішкі істер
департаменті Жылыой ауданының
ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Тасымбаева Баян Тасымбайқызы - Жылыой аудандық емханасының
жасөспірімдер дәрігері

16

Аудандық әкімияттың
2008 жылғы 10 маусымдағы
№ 143 қаулысына 1 қосымша
Мекемелердің кезекші көліктерді бөлу кестесі
Р/с
Мекемелердің аттары
Кезекшілік көлік беру мерзімдері
1
«Жасулан и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
маусым
2
«Рип-Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
маусым
3
«Казкосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
маусым
Ескерту: Кезекші көліктер кезекшілік ету күндерінде таңертеңгі сағат 8.30 - да толық жанар-жағар майымен Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде болуы шарт.
«Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры
«10» маусым 2008 ж. А.Байшаханов
«Жасулан и Компания» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
«10» маусым 2008 ж. Д. Нұрғанов
Атырау облысы Жылыой ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығының міндетін атқарушы
«10» маусым 2008 ж. Д.Тілеуов
«Рип-Газ» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
«10» маусым 2008 ж. С. Қабдушев
«Атырау облысы денсаулық сақтау
департаментінің Жылыой аудандық
орталық ауруханасының» бас дәрігері
«10» маусым 2008 ж. Т. Қалиев