Об определении условий бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств областного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств областного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140/6
- Қабылданған күні
- 09.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2009 AI40235_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08P0003116
- ЭКБ идентификаторы
- 40235
- Редакция идентификаторы
- AI40235_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:20
0 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 4)- тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 449-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. бюджеттік кредиттер берудің мына шарттары анықталсын:
беру мақсаты - басым бағыттар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын кредиттеу үшін;
кредит мөлшері - 2000 млн. теңге;
кредит валютасы - теңге;
кредит берудің шектеулі мерзімі - 5 жылға дейін, негізгі қарыз бойынша жеңілдікті өтеу кезеңімен - 12 ай;
кредитті игеру кезеңі - 2008 жылғы 31 желтоқсан бойынша;
соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,22 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 6,72 % ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта бөлінген 200 млн. теңгеге;
ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта қосымша бөлінген 1800 млн. теңгеге соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,6%-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 7,1%.
бір соңғы қарыз алушыға бөлінетін кредит қаражатының жоғарғы сомасы 300 000 (үш жүз мың) аспайтын айлық есептік көрсеткіш.