О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Денсаулык" Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Денсаулык" Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1364
- Қабылданған күні
- 09.09.1999
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI4024_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001364_
- ЭКБ идентификаторы
- 4024
- Редакция идентификаторы
- AI4024_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:55
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
📌 Ескерту. Қаулының атауы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды -
ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 286 қаулысымен.
Медициналық қызмет көрсетулердің сапасы мен медициналық ұйымдардың қызметiн талдауды жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiндегi орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.24.
N 286 қаулысымен.
2 2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:
ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын талдау және бағалау;
денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ақпараттық iлеспесi;
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 286
қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
4 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауісі жөніндегі агенттігі заңдарда белгiленген тәртiппен:
Кәсiпорын жарғысын онда облыстарда, Астана, Алматы қалаларында Кәсiпорынның филиалдарын көздеп бекiтсiн;
мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн және өзге де ұйымдастырушылық iс-шараларын жүргiзсiн;
медициналық ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі функцияларды орындау үшін Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталықтың бөлімшелерінің материалдық, техникалық құралдарын жергілікті атқарушы органдарға беруді қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
1999 жылғы "10" қыркүйектегi
N 1364 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын әкiмшi-мекемелердiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде:
224 "Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгі" мемлекеттiк мекемелер жолы бойынша 67 "Медициналық қызмет көрсетудi төлеу жөнiндегi орталықтың көрсеткен қызметiне төлем жасау" деген бағдарламадағы 30 "Медициналық қызмет көрсетудi төлеу жөнiндегi орталық" деген кiшi бағдарлама алынып тасталсын.
3 3. Күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1754 қаулысымен.
4 4. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 533 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 187-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау , білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 24 және 47-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-жолмен толықтырылсын:
"66. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".