Құжат мәтініне өту

Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы

Қаулы · № 77 · қабылданған 14.05.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40253/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 77 ·14.05.2008
22.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 77 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77
Қабылданған күні
14.05.2008
Көрсетілген редакция
22.10.2024 · қолданыстағы 40253_729277.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08SM000066
ЭКБ идентификаторы
40253
Редакция идентификаторы
40253_729277
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:28

0 Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1 бабы 3) тармақшасы,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 11, 16 баптарына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20 бабына, «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2-4с шешіміне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 4-5с шешіміне (тіркеу № 13-13-63, 2008 жыл 29 сәуір) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша мұқтаж етуші азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің келесі түрі бекітілсін:

1 1) Кішкенекөл селосында тұратын мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға үш жүз елу теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

2 2. «Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Мыналар белгіленсін:

мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап тағайындалады және өтінушінің қайтыс болуы немесе Кішкенекөл селосынан тысқары жерге көшіп кеткеніне байланысты тоқтатылады. Осындай жағдайлар болған айдың келесі айынан бастап төлемақы тоқтатылады.

4 4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша мұқтаж етуші азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы