Құжат мәтініне өту

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Өзге акт · № 9-1 · қабылданған 09.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-40259/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 9-1 ·09.06.2008
23.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9-1 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-1
Қабылданған күні
09.06.2008
Көрсетілген редакция
23.02.2010 · қолданыстағы AI40259_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZF000067
ЭКБ идентификаторы
40259
Редакция идентификаторы
AI40259_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:20

0 Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері 1 қосымшаға сай бекітілсін.

2 2. Әлеуметтік көмектің мөлшері 2 қосымшаға сай бекітілсін.

3 3. Осы шешiм аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне және қолданысқа енгізілсін.

4 Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері

Жәнібек аудандық мәслихатының
2008 жылғы 9 маусымдағы
N 9-1 шешіміне N 1 қосымша
Жәнібек аудандық мәслихатының
2008 жылғы 9 маусымдағы
N 9-1 шешімімен бекітілген
Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері

1 1. Ауданда тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар).

2 2. Белгілі жағдай бойынша жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар (азаматтар).

3 3. Мерекелік күндерге қарсы жекелеген санаттағы азаматтар.

4 4. Өмірдегі қиын жағдайға ұшыраған отбасылар (азаматтар). Отбасының бір мүшесінің өлімі, онкологиялық және туберкулез ауруларынан ұзақ емделу, операция жасау қажеттілігі, Қазақстан Республикасының аумағында ауруханаға бару үшін жолақы төлеу.

5 5. Халықтың әлеуметтік осал жіктерінің отбасылары (азаматтар).

6 6. Жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары отбасыларға (азаматтарға) жекелеген жағдайларда: өрт, денсаулық жағдайы нашарлағанда, апаттар және басқа да күтпеген жағдайларда.

7 7. Аз қамтылған отбасыларын рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылу үшін.

8 8. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер.

9 9. 1926-1927 жылдары туған Ұлы Отан соғысына әскерге шақырылған, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адамдар.

10 10. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасы.

11 11. Туберкулез ауруына шалдыққан әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға ай сайын толыққанды азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек.

12 12. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлеу (есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады).

13 13. 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысына қатынасқаны үшін жауынгерлік награда (орден) алған ардагерлерге, 1-2 топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгердің отбасыларына коммуналдық төлемдерден 50 % көлемінде жеңілдіқ жасау.

14 14. Тістерін протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмек екі жылда бір рет төмендегі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

1 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына.

20 Әлеуметтік көмектің мөлшері

Жәнібек аудандық мәслихатының
2008 жылғы 9 маусымдағы
N 9-1 шешіміне N 2 қосымша
Жәнібек аудандық мәслихатының
2008 жылғы 9 маусымдағы
N 9-1 шешімімен бекітілген
Әлеуметтік көмектің мөлшері

1 1. 1 қосымшаның 1, 2, 4, 6 тармақтары бойынша әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде мәслихат бекіткен комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.

2 2. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін әрбір нақты жағдайда комиссия белгілейді.

2.1 2.1. 1 қосымшаның 5 тармағы бойынша әлеуметтік төлем ай сайын бір ай жарымдық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.

3 3. 1 қосымшаның 8 тармақшасы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

4 4. 1 қосымшаның 9 тармақшасы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын 7,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

5 5. 1 қосымшаның 10 тармақшасы бойынша әлеуметтік көмек айсайын 1 000 теңге мөлшерінде тағайындалады.

6 6. 1 қосымшаның 11 тармақшасы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын азық-түлік түрінде беріледі.

Көмектің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген 40 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиісті.

7 7. Мерекелік күндерге байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлем аталған тарауда көрсетілген тұлғалардың есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей мөлшері комиссия қорытындысы бойынша аударылады:

1 1) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

2 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне, Ауған соғысына қатысқандарға;

3 3) соңғы әскерге шақырылғандарға;

4 4) концлагерьдің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;

5 5) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне;

6 6) Чернобыль АӘС–індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;

7 7) Балаларды қорғау күніне орай, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.

8 8. 1 қосымшаның 13 тармақшасы бойынша ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.

9 9. 1 қосымшаның 14 тармақшасы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жеткізушілермен шарт жасайды.

Жеткізушілер ай сайын келесi айдың 10-на дейiн көрсетілген қызметтер тiзілімдері мен атқарылған жұмыс актілерін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

Қолданыстағы