О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 19.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2014 AI40307_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KK000056
- ЭКБ идентификаторы
- 40307
- Редакция идентификаторы
- AI40307_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:16
0 Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қарастырылған әлеуметтік төлемдердің тиісті сомаларын тағайындап, әлеуметтік көмек алушылардың таңдауы бойынша, тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдарға, екінші деңгейлі банктер арқылы аудан азаматтарының келесі топтарына аударсын:
1 1) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Жеңіс күнін тойлауға:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;
тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызметін төлеуге;
2 2) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Халықаралық Қарттар күніне;
3 3) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Балаларды қорғау күніне байланысты мүгедек балаларға;
4 4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін телефондандыруға;
5 5) Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізімдер негізінде, Ауғанстаннан кеңестің шектеулі әскери контингентін әкету күніне байланысты, ауғандық жауынгерлерге біржолғы материалдық көмек;
6 6) аудан азаматтарының әлеуметтік қорғалмаған категорияларына:
ауыр науқастанған жағдайда;
кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға отбасы мүшесі қайтыс болғанда;
төтенше жағдай болғанда;
ауыр материалдық жағдайға байланысты, кедейлік шегінен төмен тұратын ауданның мұқтаж азаматтарына;
7 7) тамақтың негізгі өнімдеріне бағаның көтерілуіне байланысты, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімі негізінде, ай сайын, әрбір мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасына;
8
8) аудандық медицина бірлестігі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізімдер негізінде, кедейлік шегінен төмен тұратын туберкулез ауруымен ауырушыларға амбулаторлық емделуі кезінде тұратын жерінен емделетін ұйымға дейін баруы және қайтуы үшін жұмсаған жол шығындарын қайтаруға және амбулаторлық емделуі кезінде қосымша терапияға өтуге жұмсаған шығындарын төлеуге.