Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
ҚАЗАудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 19.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2008 · қолданыстағы 40334_320952.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZG000066
- ЭКБ идентификаторы
- 40334
- Редакция идентификаторы
- 40334_320952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:27
0 Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарының негізінде Батыс Қазақстан облысының 2005 жылғы 3 мамырдағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» № 149 қаулысын орындау және аудан тұрғындарының нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Құлжановаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
17 мамыр №187 қаулысымен
бекітілген
Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншік түрін қарамастан) жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.