Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасы негізінде және Қопа, Шитүбек, Қалмаққырған, Ақжар елді мекендерінің тұрғындарының конференцияларының хаттамасына сәйкес Кеңестуы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы от 16.06.2008 г. № 7 (Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы)
1. Қопа ауылының атаулары жоқ:
N 1 көшесіне "Ақбұлақ көшесі";
N 2 көшесіне "Ықсан Ниетов атындағы көше";
N 3 көшесіне "Орталық көшесі";
N 4 көшесіне "Саябақ көшесі";
N 5 көшесіне "Мектеп көшесі";
N 6 көшесіне "Талшын Ержанова атындағы көше" деген атаулар берілсін.
2. Шитүбек ауылының атаулары жоқ:
N 1 көшесіне "Ербөлек ата көшесі" атауы берілсін.
3. Қалмаққырған ауылының атаулары жоқ:
N 1 көшесіне "Теміржолшы көшесі";
N 2 көшесіне "Сара Бекниязова атындағы көше" атаулары берілсін.
4. Ақжар ауылының атауы жоқ:
N 1 көшесіне "Завод көшесі" атауы берілсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариаланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.