"Қызылжар" мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қызылжар" мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына сәйкес Шұбарқұдық ауылдық округі Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шұбарқұдық ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, "Астана қаласының 10 жылдығы" мерекесі қарсаныңда, Шұбарқұдық ауылы "Қызылжар" мөлтек ауданындағы беткі бірінші көшеге "Астана" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.