Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 21.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2009 · қолданыстағы 40448_181708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CE000074
- ЭКБ идентификаторы
- 40448
- Редакция идентификаторы
- 40448_181708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:26
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 5-бап 2-тармағына, 7-бап 2), 5-4)тармақшаларына, 18–1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданда халықтың нысаналы топтарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, әлеуметтік жұмыс орындарының саны, мерзімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қосымшаға сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыссыздық есебінде тұратын нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу тапсырылсын.
3
3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастырған кәсіпорындар мен ұйымдармен жасасқан шартқа сәйкес еңбекақының 50 пайызы мөлшерін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп шотына аударып беріп отыру тапсырылсын.
4 4. Аудан әкімдігінің "Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру" туралы 18 сәуір 2007 жылғы N 106 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шахинге жүктелсін.
7 Аудан әкімдігінің
21 мамыр 2008 жылғы
№ 123 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар