Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗТасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-3
- Қабылданған күні
- 09.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2008 · қолданыстағы 40454_325402.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZK000069
- ЭКБ идентификаторы
- 40454
- Редакция идентификаторы
- 40454_325402
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:20
0 Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетудің санаты мен мөлшері белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына табыстарын есептемей әлеуметтік көмек, жеңіс күніне орай - 35000 теңге;
тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 390 АЕК дейін;
тіс протездеу жұмыстарына бір реттік көмек - нақтылы төлем шығыны бойынша;
монша, шаштараз қызметтері үшін ай сайын - 0,5 АЕК;
2 2) Кеңес Одағының Батырына табыстарын есептемей ай сайын – 50000 теңге;
3 3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына Жеңіс күйіне орай, табыстарын есептемей - 10000 теңге;
4 4) соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жеңіс күніне орай табыстарын есептемей - 10000 теңге;
5 5) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, табыстарын есептемей ай сайын - 2,9 АЕК;
жеңіс күніне орай - 5000 теңге;
6 6) бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;
7 7) жергілікті маңызы бар Дербес зейнеткерлерге, табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;
8 8) «Қазақстан Республикасының күні» мемлекеттік мерекесі қарсанында «Алтын алқа» алқасымен марапатталған аналарға, табыстарын есептемей қосымша қаржы бөлінген жағдайда бір реттік көмек - 10000 теңгеге дейін;
9 9) «Қазақстан Республикасының күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында «Батыр ана» орденімен марапатталған аналарға, табыстарын есептемей қосымша қаржы бөлінген жағдайда бір реттік көмек - 10000 теңгеге дейін;
10 10) ауданның аз қамтылған азаматтарына:
ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек - 10 АЕК;
жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек - 10 АЕК;
өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмек - 25 АЕК;
әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда белгіленген АЕК;
тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
«Қайырымдылық айлығы» кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір еттік көмек – 10 АЕК.
11 11) ауданның мүгедектеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жетімдерге:
тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
«Қайырымдылық айлығы» кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 10 АЕК;