Құжат мәтініне өту

Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 8-3 · қабылданған 09.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.06.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-40454/?version=40454_325402.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-3 ·09.06.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗТасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-3 · қабылданған 09.06.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-3
Қабылданған күні
09.06.2008
Көрсетілген редакция
09.06.2008 · қолданыстағы 40454_325402.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
09.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZK000069
ЭКБ идентификаторы
40454
Редакция идентификаторы
40454_325402
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:20

0 Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетудің санаты мен мөлшері белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына табыстарын есептемей әлеуметтік көмек, жеңіс күніне орай - 35000 теңге;

тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 390 АЕК дейін;
тіс протездеу жұмыстарына бір реттік көмек - нақтылы төлем шығыны бойынша;
монша, шаштараз қызметтері үшін ай сайын - 0,5 АЕК;

2 2) Кеңес Одағының Батырына табыстарын есептемей ай сайын – 50000 теңге;

3 3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына Жеңіс күйіне орай, табыстарын есептемей - 10000 теңге;

4 4) соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жеңіс күніне орай табыстарын есептемей - 10000 теңге;

5 5) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, табыстарын есептемей ай сайын - 2,9 АЕК;

жеңіс күніне орай - 5000 теңге;

6 6) бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;

7 7) жергілікті маңызы бар Дербес зейнеткерлерге, табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;

8 8) «Қазақстан Республикасының күні» мемлекеттік мерекесі қарсанында «Алтын алқа» алқасымен марапатталған аналарға, табыстарын есептемей қосымша қаржы бөлінген жағдайда бір реттік көмек - 10000 теңгеге дейін;

9 9) «Қазақстан Республикасының күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында «Батыр ана» орденімен марапатталған аналарға, табыстарын есептемей қосымша қаржы бөлінген жағдайда бір реттік көмек - 10000 теңгеге дейін;

10 10) ауданның аз қамтылған азаматтарына:

ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек - 10 АЕК;
жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек - 10 АЕК;
өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмек - 25 АЕК;
әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда белгіленген АЕК;
тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
«Қайырымдылық айлығы» кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір еттік көмек – 10 АЕК.

11 11) ауданның мүгедектеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жетімдерге:

тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;
«Қайырымдылық айлығы» кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 10 АЕК;

12 12) өкпе ауруымен ауыратын адамдарға облыс орталығына барып тексерілген жағдайда табыстарын есептемей, жол ақысы мен тамақтануына нақтылы төлем шығыны бойынша;

13 13) ауданның жалғыз басты адамдарына жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек - 10 АЕК.

14 14) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек - 10 АЕК.

2 2. Осы шешім аудандық «Екпін» газетінің бір нөмірінде (директор-редакторы С.Ашығалиев) жариялансын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.