Көшелерге атау беру туралы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қызылжұлдыз ауылдық округ Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылжұлдыз ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылжұлдыз ауылдық округіндегі көше атаулары қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Амангелді Иманов – 1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісінің басшысы, батыр соның есімімен.
Тармақша 2
2) "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" - бұрынғы Қызылжұлдыз ауылының тұрғыны, қоғам қайраткері. Екінші көше "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" деп аталсын.
Тармақша 3
3) Абай – қазақ халқына белгілі ақын, данышпан, философ. Үшінші көше Абай есімімен аталсын.
Тармақша 4
4) Әлия Молдағұлова – қаһарман қазақ қызы. Кеңес Одағының батыры. Төртінші көше соның есімімен аталсын.
Тармақша 5
5) Жамбыл – қазақ халқының ақыны. Бесінші көше соның есімімен аталсын.
Тармақша 6
6) Былшық би – осы өңірден шыққан атақты биі, соның есімімен аталсын.
Тармақша 7
7) Мәншік Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры, соның есімімен аталсын.
Тармақша 8
8) Әліби Жангелдин – революция қайраткері Қызыл керуен көсемі халқымыздың зиялысы, көше соның есімімен аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі