Қолданыстағы ред. 14.03.2017 (Редакция 40471_177550.kaz)

Көшелерге атау беру туралы от 26.06.2008 г. № 2 (Көшелерге атау беру туралы)

0

Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Жабасақ ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жабасақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жабасақ ауылы, Аққұм, Байжанкөл елді мекендердегі көше атаулары қайта аталсын:
1. Бейбітшілік 1.Темірбек Жүргенов
2. Самырат 2.Тілеумұрат Кішкентаев
3. Темірбек Жүргенов 3. Алмат - Самырат
4. Бауыржан Момышұлы
5. Әйтеке би
1. Мұхтар Әуезов 1. Абай Құнанбаев
2. Балқы базар 2. Сәбит Мұқанов

2

2. Тоқтар Әубәкіров көшесі қазақтың қамын ойлаған қайраткер, қуғын – сүргіннің құрбаны болған Ұ. Құлымбетов есімімен аталсын.

3

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі