Қолданыстағы ред. 27.03.2017 (Редакция 40472_177570.kaz)

Көшелер атауын өзгерту туралы от 25.06.2008 г. № 1 (Көшелер атауын өзгерту туралы)

0

Көшелер атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Жамбыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылының кейбір көшелері қайта аталсын:

1

1) Ленин көшесін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың есімімен;

2

2) Советская көшесін қоғам қайраткері, Қазақстан мәдениет министрі болып халқына адал қызмет атқарған Темірбек Жүргенов есімімен.

3

3) Бұрынғы Абай Құнанбаев көшесін Т.Шевченко көшесімен біріктіріп бір ғана көше Т.Шевченко есімімен;

2

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі