Құжат мәтініне өту

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Ереже · № 7/45 · қабылданған 23.05.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.07.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-40508/?version=AI40508_0.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 7/45 ·23.05.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

ҚАЗАзаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 7/45 · қабылданған 23.05.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/45
Қабылданған күні
23.05.2008
Көрсетілген редакция
02.07.2012 · қолданыстағы AI40508_0.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
02.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08MF000059
ЭКБ идентификаторы
40508
Редакция идентификаторы
AI40508_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:25

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Азаматтардың жекелеген санаттарына:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға
жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үйді ұстауға және пайданылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) көрсетілсін.

2 2. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Аудан әкімі азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмектің уақытылы тағайындалуы мен төленуіне тиісті шаралар алсын.

4 4. Түпқараған аудандық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № 27/174 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы» шешімінің күші жойылсын.

5 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы

23 мамырдағы № 7/45 шешіміне
№ 1 қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге
әлеуметтік көмек көрсету Ережесі

1

1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.

3 3. Тұрғын үй көмегі Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.

4 4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.

Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;

3 3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;

5 5) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі.

5 5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.

6 6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.

7 7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.

8 8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуына Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығы жауаптылық тартады.