Қолданыстағы ред. 11.06.2008 (Редакция 40510_318044.kaz)

Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері туралы от 11.06.2008 г. № 277 (Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері туралы)

0

Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын
санаттарына әлеуметтік көмектің
жекелеген түрлері туралы
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 28.04.1995 жылғы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 13.04.2005 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарының өмір сүру деңгесі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің (бұдан әрі-Көмек) түрлерінің тізілімі, мерзімділігі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Көмекті төлек бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.

3

3. Көмек қосымшада белгіленген мерзімде Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығы жасақтаған тізімдер негізінде алушылардың мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.

4

4. Кәкілетті орган дербес зейнеткерлер мен 70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлердің іс-қағаздарын төмендегі құжаттардың:

1

1) жеке куәлігінің;

2

2) салық төлеушінің тіркелу нөмері;

3

3) тұрақты мекен-жайын растайтын құжаттың;

4

4) алушының мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстыра отырып жасақтайды.

5

5. Жасақталған көмек алушылар тізімінің дұрыстығына тізімді тапсырған ұйымдар жауаптылық тартады.

6

6. Көмектің мерзімінде аударылуына Уәкілетті орган жауаптылық тартады.

7

7. 2 қосымшада көрсетілген аудан әкімдігінің қаулыларының күші жойылсын.

8

8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

9

9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қани С.К___________
Аудандық экономика және
бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл
Шүкірбаева Д.С___________
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл
Т.Тұрмағанбетова ___________
Аудандық қаржы бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл.

14

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 маусым
№ 277 қаулысына қосымша
Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлерінің тізілімі, төлемдердің өлшемі мерзімділігі

Әлеуметтік көмектің түрлері
Азаматтардың санаттары
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
мерзімділігі
1
Азық түлік өнімдерінің бағасының өсуіне байланысты тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз еткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жірдемақы алушылар(балаларға)
1,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)
Тоқсанына бір рет
2
Қазақсатан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндері құрметіне әлеуметтік көмек
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
30000 теңге
Жеңіс күніне
Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге
25000 теңге
Жеңіс күніне
Ауғанстанда әскери қимылдарға қатысқан әскери қызметшілерге
20000 теңге
Жеңіс күніне
Чернобыль АЭС- індегі аппаттың салдарын жоюға қатысқан және Чернобыль АЭС- індегі аппаттың салдарынан мүгедек болған адамдар
20000 теңге
Жеңіс күніне
Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз еткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлері
3 АЕК
Жеңіс күніне
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары
3 АЕК
Жеңіс күніне
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары
2 АЕК
Жеңіс күніне
Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған адамдар
3 АЕК
Жеңіс күніне
1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған адамдар
2 АЕК
Жеңіс күніне
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынанқаза тапқан (хабар –ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы
2 АЕК
Жеңіс күніне
70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер
10000 теңге
Жеңіс күніне
Барлық топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
2 АЕК
Қарттар күніне (1 қазан)
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік 2 АЕК жәрдемақы алушылар (балаларға)
2 АЕК
Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі )
3
Бір жолғы материалдық көмек
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне амбулаториялық емделуі кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін
5000 теңге
Республика Күніне (25 қазан )
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль апатының салдарынан мүгедек болғандарға тіс протезін жасатуға немесе жөндеуге
10000 теңге
Үш жылда бір рет
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық газеттің жылдық басылымына жазылуы үшін
Газеттің біреуінің жылдық жазылу құнының сомасы мөлшерінде
Жылына бір рет
4
Қосымша үстемақы
Облыстық сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған дербес зейнеткерлерге зейнетақыларына қосымша үстемақы
1 АЕК
Ай сайын

15

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11 маусым
№ 277 қаулысына 2 қосымша
Күшін жойған қаулылар тізімі:

1

1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 45 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және Чернобыль АЭС мүгедектеріне тіс протезін жасауға, амбулаториялық емделу кезінде дәрі – дәрмек алуы үшін бір жолғы материялдық көмек туралы (Маңғыстау облыстық әділет департаментінде 2005 жылы 31 наурызда № 1892 б.т)

2

2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 58 Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек туралы қаулысы (Түпқараған аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 28 сәуірде № 11-6-2 б.т)

3

3. Түпқараған ауданы әкімдігінің 24.01.2005 жылғы № 21 Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы (Маңғыстау облыстық әділет департаментінде 05.03.2005 жылы № 1864 б.т)