Об организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции
- Атауы (қаз.)
- Көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 29.05.2008
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2009 40534_187200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08G0001706
- ЭКБ идентификаторы
- 40534
- Редакция идентификаторы
- 40534_187200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:23
0 Көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506
Жарлығын
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы" 2008 жылғы 15 ақпандағы N 137
Қаулысын
іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының
негізінде Жамбыл облысының әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1 1. 2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша шет елдерден Жамбыл облысына көшіп келетін 1498 оралман отбасылары аудандар мен Тараз қаласына қоныстандырылсын.
2 2. "Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1 1) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету;
2 2) көршілес шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарымен байланыса отырып, Жамбыл облысына бөлінген көшіп келу квотасы бойынша өз ыхтиярымен облысқа көшіп келетін ұлты қазақ адамдардың көшіп келуін ұйымдастыру ұсынылсын.
3
3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөліп, оралмандарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.
4
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде олардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
5
5. "Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
6 6. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.
7
7. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына (келісім бойынша) "Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен ережелеріне сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.